• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:09:06
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2018 Әлеумет

БҰҰ: Ресей халқы 2050 жылы 133 миллионға кемиді

Ресейдегі адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы – 72,5 жас.

2050 жылы Ресей халқы 133 миллионға дейін кемиді. БҰҰ экономикалық және әлеуметтік департаментінің сарапшысы осындай ұйғарымға келді. Сарапшының болжамына сенсек, 2015 жылмен салыстырғанда Ресей халқы 20 миллион адамға қысқарған екен.

Статистикаға сәйкес, былтыр Ресейде туу деңгейі 10 пайызға төмендеген. Бұл соңғы он жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. Оның үстіне, мемлекетте әлі күнге дейін халық өсімі байқалмайды.

Ал Ресейдегі адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы – 72,5 жас. Сарапшылар бұл көрсеткіш халықтың алкогольді жиі пайдалануы мен дұрыс тамақтанбауының әсерінен деген болжам жасаған.

Осыған орай биыл мамырдың басында Путин өз жарлығында 2024 жылға дейін тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын 78 жасқа дейін жеткізуді тапсырған еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір