• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:03:16
Алматы
+35°

15 Сәуір, 2018 Оқиғалар

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Ресейдің Сирияға қатысты қарарын қабылдамады

Ресейдің Сирияға соққы жасауды тоқтатуға шақыратын қарарын БҰҰ қауіпсіздік кеңесі қабылдамай тастадыБҰҰҰ

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ресейдің Сирияға соққы жасауға қарсы болып, оны тоқтатуға шақырған қарарын қабылдамады, деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Еске салсақ, АҚШ, Франция және Ұлыбритания Сирияға соққы жасағаннан кейін Ресей сенбіде БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын шақырды. 

Мәскеу «АҚШ пен оның одақтастарының Сирияға қатысты агрессиясын» айыптайтын қарардың жобасын таратты. Ресей қарарының жобасында «АҚШ пен оның одақтастарынан Сирияға қатысты агрессияны дереу тоқтатуды, БҰҰ жарғысы мен халықаралық құқықты бұзатындықтан одан әрі күш қолдануды тоқтатуды» талап етеді.     

Қауіпсіздік кеңесі отырысы барысында құжатқа дауыс берілді. Ресей, Қытай және Боливия жақтап дауыс берді. Ал сегіз ел, оның ішінде  АҚШ, Франция мен Ұлыбритания қарсы шықты. Төрт ел, оның ішінде Қазақстан дауыс беру кезінде қалыс қалды.  

Еске салсақ, АҚШ, Британия мен Франция 14 сәуірде таңертең Сирияның үкіметтік нысандарына зымыран соққыларын жасады, олардың пікірінше бұл нысандарда химиялық қару жасалып жатыр. Олар Сирияға 100-ден аса зымыран ұшырды, оның көбісін сириялық әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері атып құлатқан. Ресейлік күштер араласқан жоқ, алайда барлығын қадағалап отырды.   

Ресей президенті Владимир Путин зымыран соққыларын егемен елге қарсы агрессия деп атады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір