• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:28:45
Алматы
+35°

14 Қаңтар, 2018

Бұрынғы АБК тобының әншісі кіммен соттасқалы жатыр?

Сонымен қатар, әнші аспаптарды ала салысымен компания өкілдерін іздегені туралы жазды

Қазақстандық әнші, бұрынғы АБК тобының әншісі Ерлан Көкеев Bek Air компаниясын сотқа бермек,деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл жайында әнші өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Бүгін таңертең Алматы қаласына келіп қондық. Дәл осылай (суреттегідей ред.) өз аспаптарымызды алдық. 25 жылдық гастролдік сапарымның ішінде бірінші рет аспаптарды осындай қалпында алып тұрмыз. Бұл жай ғана аспаптар емес! Бағалы музыкалық аспаптар! Сыртында «Абайлаңыз, әйнек» деген жазу бола тұра осындай жағдай болды".

Сонымен қатар, әнші аспаптарды ала салысымен компания өкілдерін іздегені туралы жазды. 

«Біз әуежайда Bek Air компаниясын өкілдерін талап еттік. Ал орнында бірде бір Bek Air компаниясының өкілі болған жоқ. Біз олардың кеңселеріне барғанда, күзетші бүгін демалыс екенін, кеңседе ешкімнің жоқ екенін және ешқандай көмек бере алмайтынын айтты» деп жазды әнші.

әуежай

әуежай

әуежай

әуежай

«Адвокатпен ақылдаса отырып, біз полиция шақырдық және әуежайдың қауіпсіздік қызметімен бірге аталған істі суреттермен нақтыладық. Енді сотқа Bek Air компаниясының үстінен моралды шығын келтіргені үшін арыз түсірмекпіз",-деп жазды Ерлан Көкеев. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір