• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:04:34
Алматы
+35°

12 Ақпан, 2018 Оқиғалар

Бұрын сотты болған қырғызстандық саясаткер президентке ашық хат жолдады

«Билікті басып алуға әрекеттену» ісімен сотталған Қырғызстанның бұрынғы мемлекеттік хатшысы және бұрынғы депутат Дастан Сарыгулов президентке ашық хат...

«Билікті басып алуға әрекеттену» ісімен сотталған Қырғызстанның бұрынғы мемлекеттік хатшысы және бұрынғы депутат Дастан Сарыгулов ел президенті Сооронбай Жээнбековке ашық хат жолдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі azattyq.org сайтының дерегіне сүйеніп. Онда оппозициялық белсенді президенттен "билікті басып алуға әрекеттену" қылмыстық ісін бақылауға алуды сұраған. Сарыгулов сотталған саясаткерлдер ісін тексеру үшін тәуелсіз комиссия құру керектігін айтқан. Оның айтуынша, тергеу кезінде заң бұзылып, айыпталғандардың құқығы тапталған.

"Әрине, президент сот жүйесі ісіне араласа алмайды. Алайда ол сот процесстері кезінде заңның сақталуын бақылай алады" деген 70 жастағы Сарыгулов президент бұл үндеуге назар аудармайтын болса, өзге де саясаткерлердің аштық акциясына қосылатынын айтады.

Өткен жылы сәуір айында Бішкектегі Бірінші май аудандық соты Эрнест Карыбековті - 20 жылға, Қубанычбек Қадыров пен Бектұр Асановты - 12 жылға кесіп, ал Дастан Сарыгуловты төрт жыл шартты жазаға тартқан болатын. Ал биылғы 7 ақпанда қалалық сот бірінші инстанциядағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Алдыңғы сот Эрнест Карыбековті "аса ауыр қылмыстарды бүркемеледі" және "отанға опасыздық" жасады деп тапса, Қубанычбек Қадыров пен Бектұр Асановты "билікті күшпен басып алуға немесе билікті күшпен ұстап тұруға әзірленді" деп айыптап, кінәлі деп шығарған. Дастан Сарыгулов болса, " аса ауыр қылмыстарды бүркемеледі" деп айыпталған

Биылғы ақпан айының басында қамаудағы Карыбеков, Қадыров және Асанов өздерінің құқығы бұзылғанына наразылық танытып, аштық жариялаған. Қырғызстанның жазаны атқару мемлекеттік қызметінің ресми өкілі Александр Никсдорф журналистерге саясаткерлерді дәрігерлер бақылауға алғанын және жағдайлары «салыстырмалы түрде тәуір» екенін айтқан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір