• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Мамыр, 06:50:52
Алматы
+35°

27 Сәуір, 2018 Әлеумет

"Бұл оқиға бізге сабақ болды". Qazkom халықтан кешірім сұрады (видео)

Qazkom Оғыз Доғанға мемлекеттік тілде қызмет көрсетпегені үшін кешірім сұрап, видеоүндеу жариялады

Qazkom Оғыз Доғанға мемлекеттік тілде қызмет көрсетпегені үшін кешірім сұрап, видеоүндеу жариялады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Еске салсақ қызу талқыға түскен оқиға Астана қаласында "Сарыарқа" банк бөлімшесінде болған. Осыдан біраз уақыт бұрын Эйр Астананы қазақ тілінде қызмет көрсетпегені үшін сотқа беріп, сотта жеңіп шыққан болатын. 

Qazkom банкінің қызметкерлері қазақ тілінде қызмет көрсетуді талап еткен Оғыз Доғанның сөзін елемей, оны мемлекеттік тілде қызмет көрсетуден бас тартқан.  Кейін осы оқиға әлеуметтік желде қызу талқыға түсіп, Оғыз Доған аталған банк қызметкерлерге кешірім сұрауды талап етті. 

Бүгін банктің төрағасы Ульв Вокурка  халықтан кешірім сұрады. 

«Банк кешегі оқиға үшін барлық қатысушылар мен куәгерден кешірім сұрайды.Тіл туралы заңға сәйкес, банк өз қызметін мемлекеттік тілде, яғни қазақ тілінде және ресми статусы бар орыс тілінде көрсетеді. Клиенттердің сұранысы бойынша және Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша банк үш тілде қызмет көрсетуге дайын», деді банк басшылығы. 

Сонымен бірге Qazkom банкінің басшылығы екі тілде қызмет көрсететін қызметкерлердің бар екенін мәлімдеді. Оның айтуы бойынша, клиенттерге қызмет көрсететін барлық менеджерлер мемлекеттік тілді меңгерген. Алайда қаржы мекемесі клиенттің талабын орындамай, орыс тілінде ғана сөйлеген банк қызметкерлерінің әрекетін ақтамайтынын айтты.

«Кеше Астанадағы бөлімшеде болған оқиға үшін сіздерден кешірім сұраймыз. Бұл бөлімшеде біздің банкте қабылданған клиентке қызмет көрсету ережесі сақталмады. Бұл оқиға біз үшін сабақ болды. Біз өз тарапымыздан тек Астана қаласындағы емес басқа қалалардағы бөлімшелерде қызмет көрсету сапасын бақылап, жақсартуға тырысамыз», дейді банк басшылығы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір