• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:21:30
Алматы
+35°

22 Қараша, 2017 Спорт

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті: Головкин менің жеке қаһарманым

Сулейман Головкинмен бірге балалар емханасы барған кезінде эмоциясын жасыра алмады

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті Маурисио Сулейман орта салмақтағы WBA, IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің Мексикаға келген сәтінен әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агеттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасай отырып.


Сулейман Головкинмен бірге балалар емханасы барған кезінде эмоциясын жасыра алмады. Қазақстандық боксшы емханада балаларға сыйлық беріп, естелікке суретке түсті. 

"Үлкен құрмет мен жігер беретін керемет күн болды. GGG - менің жеке қаһарманым", - деп жазды Сулейман Твиттер парақшасында. 

Еске салайық, Головкин Мексикаға WBC кеңесі президентінің шақыртуымен келді. Бұл сапар барысында ол жер сілкінісінен зардап шеккен Мехико тұрғындарына қаржылай көмектесті

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір