• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:02:51
Алматы
+35°

17 Қаңтар, 2018 Әлеумет

Бүгінгі жастар-ертеңгі болшағымыз

Жиында «Жастар Кеңесінің» мүшелері алдағы жарты жылдық  жоспарларымен бөлісті.

Кез-келген ел өз елінің келешегін  өскелен ұрпақпен байланыстырады.  Қайсар рух пен қара күшті қару етіп, еркіндік үшін күрескен бабаларымыздың ерлік жолындағы күресі бүгінгі таңда айбыны аспан тіреген тәуелсіздік тұғырын биіктетті. Елбасымыздың керемет сөзі «Қара суда қаймақ болмайды. Хас шеберде оймақ болмайды», - деген. Оймақсыз-ақ халықтың ойынан шығу үшін, әрине, тағыда білім мен ауызбіршілік керек. Қалайда болмасын осы тәуелсіз елімнің бір кәдесіне жарайын деген Қазақстанның әр перзентіне мүмкіндік бар. Қазіргі заманда бабамыздың табаны тимеген жерге, баламыздың қаламы тиетін заман. Осындай мүмкіндіктерді пайдаланып бірге атсалысатын уақыт келді.

Ұлттық кітапхана

Қаңтардың 12-ші жұлдызында қасиетті қара шаңырағымыз Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында «Жастар кеңесінің» ұйымдастыруымен «Бүгінгі жастар-ертеңгі болшағымыз» атты дөңгелек үстел өткізілді. Кітапханашылардың басын қосқан бұл жиында Ұлттық кітапхана директорының орынбасары Ажар Хамитқызы сөз алып, жастарға үлкен сенім білдірді. Жиынды Ұлттық кітапханамыздың жанынан құрылған  «Жастар кеңесінің» мүшелері Елбасының Жолдауымен жалғастырды. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев 2018 жылдың 10 қаңтарда Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жарияланғанын айта отырып, Президенттің өз жолдауында ел дамуының 10 негізгі міндетін нақты көрсетті. Соның ішіндегі «Адами капитал-жаңғыру негізі» атты жетінші тармағына ерекше тоқталды. Адами капиталдың жаңғыруы кітапхана ісімен тікелей байланысты болғандықтан, Алматы қаласы бойынша Орталық ғылыми кітапханасы,Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана,Республикалық ғылыми-педогогикалық кітапхана, сонымен қатар Қ.И Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университеті,Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттерінің кітапханалары да атсалысты.

Ұлттық кітапхана

Жастар кең ауқымды талқылау жасап, жолдаудың маңызы мен оның ерекшеліктеріне тоқталып, жеке ой-пікірлерін қызу талқыға салды. Жиында «Жастар Кеңесінің» мүшелері алдағы жарты жылдық  жоспарларымен бөлісті. Айтылған жоспарларға атсалып Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінің Сирек кездесетін кітаптар және диссертация оқу залының қызметкері Молдағожанова Алмагүл Төлеуханқызы алдағы уақыттағы жоспар бойынша белгіленген ақиық ақын-Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне арналған арнайы кешті қолдайтынын жеткізіп, өзіндік керемет ойларымен бөлісті.

Жиынға келген жас кітапханашыларға арнайы сауалнамалар таратылып, Ұлттық кітапханамыздың оқырман билеттері табысталды. Жиынның соңында алдағы уақытта осы және де екінші тараптағы жоспарларды қоса отырып белсене жұмыс атақарамыз деген шешімге тоқталды.

 

Айкенже Жақсылыққызы,

ҚР Ұлттық кітапханасы

Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қызметі

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір