• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:10:38
Алматы
+35°

06 Сәуір, 2018 Спорт

Бүгін – Халықаралық спорт күні

2013 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен 6 сәуір ресми түрде спорт күні ретінде аталып өтеді.

Бүгін – Халықаралық спорт күні. 2013 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен 6 сәуір ресми түрде спорт күні ретінде аталып өтеді. Бұл бастаманы алғаш боп қолдаған елдердің арасында Қазақстан бар. Жалпы еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері бұл салада ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті. Әсіресе, өңір-өңірде спорттық кешендердің саны артып, оған келушілердің қатары еселеніп жатыр. Әсіресе, бұқаралық спортта айтарлықтай даму бар.

Елбасы 2020 жылға дейін ел тұрғындарының 30 пайызы спортпен айналысу керек деген тапсырма жүктеген болатын. Соған сәйкес, елімізде жыл сайын әртүрлі деңгейдегі жүздеген жарыстар өтеді. Тіпті Қысқы Азиада мен Дүниежүзілік Универсиаданы қабылдау құрметіне ие болдық. Ал өзіміздің кәсіпқой спортшылар осы жылдар аралығында 6 жазғы және 7 Қысқы Олимпиадаға қатысып, жалпы саны 70-ке жуық медаль олжалады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір