• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 16:13:32
+35°

01 Желтоқсан, 2017 NEWS

Бүгін - Тұңғыш Президент күні

Тәуелсіздікті армандаған бабаларымыздың тілегі 1991 жылы қабыл болып,  1 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Президенті болып сайланған еді

Бүгін Қазақстан халқы Республикамыздың Тұңғыш Президенті күнін атап өтеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

2011 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Парламент Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Яғни, дәл сол уақытта 1 желтоқсанды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні етіп белгіледі. 

Тәуелсіздікті армандаған бабаларымыздың тілегі 1991 жылы қабыл болып,  1 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып сайланған еді.

Ел тарихындағы тұңғыш жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевқа халықтың 98,78 пайызы дауыс беріп, Мемлекет басшысы ретінде таңдап алды. Содан бері 26 жыл өтіп, осы аралықта Қазақстан әлем мойындаған мемлекетке айналды.

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күнін атап өту – Қазақстан Республикасының президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетке сіңірген еңбегі мен жетістігін тану мақсатында ұйымдастырылған.

Тұңғыш Президент күні елімізде кеңінен аталып өтеді. Ал мереке қарсаңындағы айтулы оқиғалар арқылы Елбасының ерен еңбегі айшықтала түседі. Мәселен,  кеше Алматы қаласындағы басты көшелердің бірі — Фурмановқа Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. 

Aigerim Taubay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір