• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:32:43
Алматы
+35°

18 Мамыр, 2018 NEWS

Қазгидрометтің хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде  жаңбыр жауады, найзағай болады, тек республиканың оңтүстік бөлігінде - жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде желдің күшеюі, тұман күтіледі.

Ақмола, Солтүстік-Қазақстан облыстарының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-20,  күндіз кей жерлерінде 23-28 м/с күшейіп,  Ақмола облысының кей жерлерінде - тұман күтіледі. Павлодар облысында күндіз жел 15-20, кей жерлерінде 25 м/с дейін күшейеді. Шығыс-Қазақстан, Қостанай, түнде Қарағанды, Алматы, күндіз Оңтүстік -Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Шығыс-Қазақстан, Қостанай  облыстарының кей жерлерінде - тұман болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір