• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:57:03
Алматы
+35°

04 Қыркүйек, 2017 Мемлекеттік бағдарламалар

​Бүгін «Мен қазақпын» халықаралық мегжобасы көрсетіледі

Бүгін сағат 20:50 де «Мен қазақпын» халықаралық мегажобасының бірінші көрсетілімі болады.

Бүгін Ұлттық арнадан «Мен қазақпын» халықаралық мегажобасы көрсетіледі деп жазады Qamshy.kz.

Бұл жоба тек осы телеарна ғана емес, бүкіл ел көптен күткен өнер додасы. Себебі «Мен қазақпын» жобасының мақсаты атадан балаға мұра болып келе жатқан төл өнеріміз дәстүрлі ән-күй,  термелерді одан әрі дамытып, бүгінгі күн талабына сай түрлендіре отырып, өскелең ұрпаққа насихаттау болып табылады. Сондықтан, тәрбиелік мәні зор жобаны қолға алып, «Qazaqstan» арнасы оны іске асыра бастады. Бүгін сағат 20:50 де «Мен қазақпын» халықаралық мегажобасының бірінші көрсетілімі болады. Эфирден алыстамаңыздар!

Айта кетсек, Жобаның мақсаты – дәстүрлі әнші, термеші, күйшілерді, еліміздің әр аймағында қалыптасқан өнер мектебінің өкілдерін кеңінен дәріптеу, таңдаулы туындыларды өскелең ұрпаққа замануи форматта насихаттау.

Байқауға РесейҚХР және Моңғолиядағы қазақ өнерпаздары қатысуға мүмкіндік алды. Жоба аясында өңірлердің ән-күйімен қатар, тарихи-мәдени ескерткіштері, мұражайлары, ел ішіндегі өнерпаздар мен қолөнер шеберлері туралы түсірілім жасалып, әр облыстың жетістігі кеңінен көрсетіледі.

Байқаулар қорытындысы бойынша Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада гала-концерт ұйымдастырылатын болады.

Еске салсақ, Ақпарат және Коммуникациялар министрі Дәурен Абаев аталған жобаға қолдау білідіріп, «Мен жобаның қымбат болғанын қалаймын. Егер мүмкіндік болып жатса, демеушілерді тартуға болады. Мен «Қазақстан» ұлттық телекорпорациясының осы жобаны толықтай алып шығатынына сенімдімін», - деген еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір