• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:53:16
Алматы
+35°

12 Желтоқсан, 2017 NEWS

Бүгін елімізідің көптеген аймағында қар жауады

Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын және желдің күшеюі күтіледі

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 12 желтоқсан күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (қар) жауады. Тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, солтүстікте және солтүстік-шығыста күн жауын-шашынсыз өтеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын және желдің күшеюі күтіледі,  деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі  «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының жекелеген жерлерінде тұман, бұрқасын, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында бұрқасын соғып, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман болып, Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ күтіледі, желдің екпіні - 15-20 м/с. Ақмола облысының кей аумақтарында түнде және таңертең бұрқасын болады.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түседі. Атырау облысында көктайғақ болжанады.  

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір