• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 14:09:00
Алматы
+35°

18 Ақпан, 2018 NEWS

18 ақпанда Қазақстанның аумағында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің оңтүстік-шығыс, батыс, солтүстік-шығысында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауады. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күшеюі 15-20 м/с-ге жету ықтимал.

Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман күтіледі, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жел жылдамдығы 15-20 м/с-ге күшеюі күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір