• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 04:09:40
Алматы
+35°

06 Ақпан, 2018 NEWS

Бүгін белгілі дәрігер Салтанат Байқошқарованың туған күні

Салтанат Байқошқарова 50-ден астам ғылыми жұмыс жазған

Белгілі дәрігер, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова 1960 жылы 2 ақпанда дүниеге келді.

Салтанат Байқошқарова 2017 жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі»  тізіміне енген. «Құрмет» орденімен, «ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігінің «Денсаулық cақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған. Ұлттық Медицина Ассоциациясының «Алтын Дәрігер» атағын иеленген.

Салтанат Берденқызы ел медицинасының дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Әлі де асар асуы алда екеніне шүбә жоқ. Қазақ балаларының болашағы үшін еңбек етіп жүрген дәрігер жақында Qamshy.kz ақпарат  агенттігі ұйымдастырған «Алаш арыстарының ізбасары» атағын алды. Айта кетейік, ол кісі бүкіл Қазақстан бойынша жүргізілген сауалнама нәтижесінде осы атаққа лайық деп танылды.

Салтанат Байқошқарованың денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегі зор. Ол Қазақстандағы алғашқы денеден тыс ұрықтандыру (ДТҰ) лабораториясының – «Экомед» емханасының негізін қалады. Қазақстанда және Орталық Азияда тұңғыш рет ДТҰ әдісін қолданды.

Салтанат Байқошқарова еңбек жолын 1988 жылы дәрігер-лаборант болып бастады. Медицинадағы алғашқы адымынан-ақ ерлер бедеулігінің себебін зерттеді. Жасанды ұрықтандыру бағытында түрлі әдістерді енгізді. Сөйтіп жүріп, Қазақстанда бірінші «құтыдағы баланың» дүниеге келуіне септігін тигізді.

Салтанат Байқошқарова 50-ден астам ғылыми жұмыс жазған. Тек Қазақстанға ғана емес, әлемге әйгілі Салтанат Байқошқарованы туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық пен ұзақ өмір тілейміз. Қазақстандағы медицина саласының қарыштап дамуына атсалысып, ғылыми жаңалықтарымен қуанта беретініне кәміл сенеміз!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір