• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:26:45
Алматы
+35°

28 Қыркүйек, 2017 NEWS

Бүгін Астанада жылу маусымы ресми басталды

Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхамбетовке жүктелді

Сейсенбі күні Астана әкімі Әсет Исекешев Қазақстан елордасында 2017/18 ж.  жылу маусымының басталуы туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы  әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңына, Астана қаласындағы мәслихаттың 2014 жылғы 27 маусымдағы шешімімен бекітілген Астана қаласындағы жылу маусымына дайындық және өткізу қағидаларына сәйкес Астана қаласының әкімдігі Астана қаласында 2017 жылдың 27 қыркүйегінен бастап 2017/18 ж. Жылу маусымының басталуын қаулы етті, - делінген астаналық әкімдіктің медиорталығында орналасқан қаулы мәтінінде.

Осыған орай, құжатта «Астана қаласының Энергетика  басқармасы» мемлекеттік мекемесіне осы қаулыдан туындайтын қажетті шаралар қабылдау тапсырылғаны айтылады.

Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхамбетовке жүктелді.

Еске салатын болсақ, жуырда мектепке дейінгі мекемелерге, мектептерге, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарына жылу беру басталды.

Алдында қалалық энергетика басқармасында елорда мектептерінің, ауруханалары мен мәдениет нысандарының жылу маусымына 100%-дайындығы туралы мәлімденген. Көп қабатты үйлер де іс жүзінде жылу қабылдауға толығымен дайын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір