• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 23:31:45
Алматы
+35°

23 Сәуір, 2018 NEWS

Бүгін әскери полицияға 21 жыл!

Президент Жарлығының негізінде «ҚР ҚК әскери полициясы жөніндегі ережені жүзеге асыру туралы» Қорғаныс министрлігі бұйрық шығарып...

Бірінші рет ҚР Президентінің «Құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі реформалау шаралары туралы» 1997 жылдың 22 сәуіріндегі 3465-ші Жарлығына сәйкес, Қорғаныс және Ішкі Істер министрліктерінде әскери полицияның жеке құрылымдары құрылды, — деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Президент Жарлығының негізінде «ҚР ҚК әскери полициясы жөніндегі ережені жүзеге асыру туралы» Қорғаныс министрлігі бұйрық шығарып, ҚР ҚК әскери полициясы қызметкерлерінің міндеттері мен құқықтары, мәртебесі мен мақсаты айқындалды. Онда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің, Ішкі Істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің құрамына қарайтын әскери полиция әскери құрылымдардағы құқық тәртібін қамтамасыз ететіндігі және әскери полицияның құқығы мен функциясы ҚР Заңдарымен қорғалатындығы айтылған. ҚР ҚК мекемелері мен әскери бөлімдерінде құқық бұзушылық пен әскери қылмыстың алдын-алу, анықтау және жолын кесу мақсатында құрылған әскери полиция жасағына 21 жыл толуына орай Алматы өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағында салтанатты жиын өтті.

Әскер

Салтанатты жиында Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағының гарнизондық деңгейдегі шараларды ұйымдастыруға қатысу, дала жаттығулары өткізілетін аймақта коменданттық қызметті қамтамасыз ету, ұзақ жолға әскери техниканы жеткізуге көмектесу, қызмет орнын өз еркімен тастап кеткен әскериді іздеу және тағы да басқа маңызды жұмыстарға тартылмаған әскери полиция қызметкері кемде-кем шығар. Әскери полиция қызметкері әскердегі тәртіп пен талаптың, тәлім мен тәрбиенің үлгісі бола білуі керек. Құрылғанына 21 жыл болған әскери полицияның басты мақсаты - әскерилердің құқығы мен заңдылық мүддесін қорғау. ҚР ҚК әскери полициясының жеке құрамы өз күші мен мүмкіндіктеріне қарай және заңдарға сүйене отырып, еліміздің одан әрі өсуі мен өркендеуіне бағытталған нормативті актілерді, өзге жетекші құжаттарды, Конституцияның барлық аспектілерін жүзеге асыру.

Әскер

«Біздің абыройымызды арттыратын істер көп. Соның бірі - былтыр Ресейде өткен Халықаралық Армия ойындарында кинологиялық байқауда 2 орынды иелендік. Біздің кинологиялық бөлім жарылғыш заттарды іздеу бойынша кинолог-мамандарға арналған кәсіби біліктілік курсына қолдау көрсету мақсатында АҚШ елшілігінен алғыс xат алдық», - деді Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағының бастығы полковник Ердильда Ршауов.

Әскер

Сонымен бірге ол барлық әскери полиция жасағының қызметкерлерін ҚР ҚК Бас әскери полиция бастығы полковник Б.Лекеровтың құттықтауы мен алғыс xаттарды табыс етті. Жиын соңы салтанатты концерттік бағдарламаға ұласты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір