• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 15:54:28
Алматы
+35°

10 Мамыр, 2018 NEWS

Британдық отбасының үйінде паранормальды әрекеттер видеоға түсіп қалған

Отбасының жақындары мен көршілері олардың үйіне кіруге қорқады екен.

Грейвзенд қаласында тұратын британиялық отбасы өздерінің үйіндегі паранормальды жағдайды видеоға түсіріп алған деп жазады 360tv.ru.

Отбасы бұл үйде он жыл тұрады. 54 жастағы Роберт және оның әйелі Полина мен олардың  33 жастағы ұлдары  үйдегі түсініксіз жайттарды осыдан алты жыл бұрын байқай бастаған. Бірақ тек жақында ғана тылсымды видеоға түсіруге мүмін болған.

Отбасы отағасы үйге камера орнатып, паранормальды құбылыстарды жазып алуға тырысады. Нәтижесінде расымен видеода түсініксіз жайттарды байқаған.

Кадрде заттардың өздігінен қозғалуын көруге болады. Сонымен  бірге түнгі уақытта есіктер өздігінен ашып жабылады.

Үйде жиһаздар да түсінісіз қалыпта қозғалып, суреттер жерге құлайды. Отбасының жақындары мен көршілері олардың үйіне кіруге қорқады екен.

Отбасы мүшелері белгісіз таза емес тылсым күш немесе «жын»  олардың ізіне түсті деп ойлайды. Роберттің айтуына қарағанда, ұлы 8 жаста болғанда  терезден құлап бара жатқан жерінен құтқарып алған, сонда белгісіз жын баланы өзіне шақырған дейді.

в

тылсым

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір