• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 14:51:15
Алматы
+35°

12 Наурыз, 2018 IT

Британдық ғалым жасанды интеллектінің қаупі барын мойындады

Ғалым жасанды интеллектінің адамзат үшін ең маңызды технология болатынын айт отырып, оның қауіпті тұсының барын да ескертті.

Британдық бағдарламалаушы, DeepMind компаниясының негізін салған Демис Хассабис жасанды интеллектіге қатысты шешілмеген мәселелердің көп екенін айтады. 

Ол алғашында Lionhead студиясында қызмет атқарып, кейін өзінің тәуелсіз студиясын жасап шығарды. 2010 жылы өзін ғылымға арнап,  DeepMind компаниясының негізін салды. Бүгінде аталмыш компания алгоритмдерді құру бойынша алдыңғы қатарда тұр.

Соңғы екі жылда оның компаниясы әлемдік жаңалықтардан жиі көрсетіліп келеді. Себебі Хассабистің AlphaGo  деп аталатын жасанды интеллекті «го» логикалық ойынында Кэ Цзе кәсіби ойыншысын жеңген болатын.

Лондон университеттік колледжінде өткен сұрақ-жауап сессиясында Хассабис жасанды интеллектіге қатысты әлі талай мәселелерді шешу керектігін айтты.

«Біз жауап беруге тиіс күрделі философиялық сұрақтар әлі де көп. Мәселен, бұл жүйелерді қалай басқарамыз? Олар бізге не үшін қажет? Оларды құрастыру үшін біз қандай құндылықтарды құрбан етеміз?», - деді Демис Хассабис.

Бұған қоса, ғалым жасанды интеллектінің адамзат үшін ең маңызды технология болатынын айт отырып, оның қауіпті тұсының барын да ескертті. «Тек адамдардың оны қалай пайдаланатынына байланысты. Оның салдары қандай болатыны белгісіз. Жақсы да, жаман да болуы мүмкін», - деді Хассабис.

Айта кетейік, 2014 жылғы елеулі жетістіктерден кейін DeepMind компаниясын Google корпорациясы £400 миллионға сатып алған болатын. Қағаз жүзінде ірі конгломераттың бір бөлшегі болғанымен, өзінің тәуелсіздігін сақтап қалды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір