• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:34:31
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2018 Аймақтар

Британ журналисі мобильді журналистика туралы тәжірибесімен бөлісті

Британ журналисі Юсуф Омар Еуразиялық медиафорум барысында мобильді журналистика туралы тәжірибесімен бөлісті

Британ журналисі Юсуф Омар Еуразиялық медиафорум барысында мобильді журналистика туралы тәжірибесімен бөлісті.

«#Hashtag our stories» компаниясының негізін қалаушы, британ журналисі Юсуф Омар заманауи журналистиканың технологиялары туралы айтты. Юсуф Омар Snapchat арқылы Үндістандағы зорлық-зомбылық құрбандарының мәселесін көтерген болатын.

Оның шағын мәтінмен жазылған видеолары ақпарат әлемінде жаңа леп әкелген болатын. «Әлеуметтік желі арқылы жоғары сапалы интернеттің көмегімен жылдам монтаж жасап, сапалы ақпарат жазуға болады. Лас-Вегастағы атысты журналистер емес, оқиғаны көзімен көргендер әлеуметтік желі арқылы таратты. Мобильді жарналистика қазіргі заманның журналистикасындағы жаңа леп десек болады», - деді Юсуф Омар.

Жаңалықты монтаждау үшін аса көп уақыт қажет емес.

Шеберлік сабақтарын бірнеше рет суретке түсіріп алып, сосын шағын ғана видео түсіріп, монтаждап желіге салу керек.

«Кез келген жерде, кез келген уақытта телефон арқылы оқиға орнынан репортаж тарату керек. Ол үшін штатив немесе камера керек емес. Мәселен, қазір мен сіздердің алдыңызда тұрсам, менің көзілдірігім осында болып жатқан дүниенің барлығын түсіріп жатыр», - деді ол.

Британдық маман Қазақстандағы мобильді журналистика деңгейін орташа деп бағалады.

«Қазір шеберлік сағатын 2-3 журналист қана әлеуметтік желіге жариялады. Мене интервью алған тілшілердің ешқайсысы репортаж жасамады», - деді Ю. Омар.

Айта кету керек, Алматыда Еуразиялық медиафорумы осымен 15 рет өткізіліп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір