• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 22:49:43
Алматы
+35°

13 Қазан, 2017 Денсаулық

Бруцеллез адамға да қауіпті

сүт пен сүт тағамдарында бруцеллез қоздырғышы  біршама ұзақ уақыт сақталады екен.

Бірінші байлық - денсаулық. Денсаулықты сақтау үшін пайдаланатын өнімдеріміз және азықтарымыз құнарлы әрі табиғи болу тиіс. Табиғи өнімдеріміздің дені төрт түліктің еті және сүт өнімі. Алайда аталмыш өнімдерді сатып аларда қауіпсіздігіне жиі мән бере бермейміз.

Алайда Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының биологиялық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Марат Қалменовтың  айтуынша, сүт пен сүт тағамдарында бруцеллез қоздырғышы  біршама ұзақ уақыт сақталады екен. Салқындатылған сүтті 4-7 тәулік, ірімшік, май, брынзада 67 тәлікке дейін тіршілік қабілетін жоғалтпайды. Ал бруцелланың химиялық заттарға шыдамдылығына келетін болсақ, фенолдың  2 %  ерітіндісі, креолиннің 2%, лизолдың 0,5% , формалиннің 2 %, хлораминнің 0,01%6 хлорлы әктің 1% ерітінділері ауру қоздырғышын тез өлтіреді.

Аталмыш аурудың алғашқы белгілері сезілгенше үш жеті өтеді екен. Кейде науқас, температурасының 38,5—39,0 градуска дейін көтерілгенін де сезбей қалуы мүмкін. Бруцеллез науқастың қызуы бірде көтеріліп, бірде төмендеп отырады. Қызуы түскенде адам өзін айыққандай сезеді, тамақ ішкісі келіп, көңілі серігеді. Бруцеллез қозғанда науқастың ұйқысы қашады, түнде жиі  терлейді, кейінірек буындары іседі, нерв жүйесі  қабынады, төсек тартып жатып та қалады. Бруцеллез еркектің тұқым безін ісіндіреді, әйелдің етеккірін бұзады, бала тастатады екен. Адамды ауруханада емдеу мерзімі бір айдан төрт айға, кейде одан да ұзаққа созылуы мүмкін. 

Бруцелла қоздырғышы  жер бетінде 40 тәулік, 5-8 см тереңдікте 60, ылғалды жерде 90 тәлікке дейін тіршілігін сақтайды. Тікелей түскен күн сәулесі оны бірнеше минуттан 3-4 сағат аралығында , ал шашырап түскен күн сәулесі оны 7-8 тәулікте өлтіреді екен. Салқын жерде сақталған залалданған етте ұзақ сақталады. Тіпті тұздалған етте 182 тәулік бойы өзінің уыттылығын жоймайды.

Гүлім АҚАП,

Батыс Қазақстан облысы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір