• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:53:52
Алматы
+35°

09 Ақпан, 2018 Оқиғалар

Брэд Питт Лос-Анджелесте жол апатына ұшырады

Америкалық актер әрі продюсер Брэд Питт Лос-Анджелесте жол апатына ұшырады

Америкалық актер әрі продюсер Брэд Питт Лос-Анджелесте жол апатына ұшырады, деп жазды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

Актер «Tesla» көлігімен алдында келе жатқан «Nissan Altima» көлігіне соққан, ал ол өзінің алдындағы «Kia Soul» автокөлігіне соғылған. Питт автокөліктен түсіп, бүлінген көліктерді, жүргізушілердің құжаттарын телефонға суретке түсіріп алған. Зардап шеккен жүргізушілер де актердің құжаттарын смартфонға түсіріп алыпты.    

БАҚ-тың мәліметінше, жүргізушілер Брэд Питтің еркін әңгімелесуге тырысқанына қатты таңғалған.  

Жол апатын бүге-шігесіне дейін талқылағаннан кейін олар көліктеріне отырып, оқиға орнынан кеткен. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір