• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 11:08:32
+35°

11 Сәуір, 2018 Оқиғалар

Бразилияда түрмеден қашпақ болған 22 адам көз жұмды

Түрмеден қашып шығу жоспары алдын ала ойластырылған.

Бразилияның Белен қаласында орналасқан Санта-Изабел түрмесінде жазасын өтеп жатқандар қамаудан қашпақ болған. Нәтижесінде 23 адам өлген. Бұл туралы Globo телеарнасы хабарлады. Мәліметтерге сүйенсек, қаза тапқандардың бірі түрме күзетшісі және қалған 22 адам қамаудағылар.

Түрмеден қашып шығу жоспары алдын ала ойластырылған. 15 адамнан құралған қарулы топ түрмеге шабуыл жасаған. Жазасын өтеушілердің қашуына көмектескендер қолдан жасалған жарылғыштардың көмегімен түрме қабырғаларының бірін жарып жіберген.   Қамаудағылар да қарулы болған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір