• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:29:21
Алматы
+35°

12 Сәуір, 2018 Әлем

Бразилия депутаттары экс-президенті үшін есімдерін өзгертуге көшті

Акцияға қатысушылардың бәрі Бразилияның Ұлттық конгресіне өтініш хаттар жазған.

Бразилияның он шақты депутаты Ұлттық конгрестің жұмыс процесінде есімдеріне Лула деген атты қосуды талап етті. Осылайша бас бостандығынан айырылған елдің экс-президенті Луис Инасиу Лула да Силваға қолдау көрсетпекші.

Бұл бастамаға қосылған жұмысшылар партиясының басшысы Глейзи Хоффманн өзінің Твиттердегі парақшасына жиналыс барысында есімінің Глейзи Лула Хоффманн деп жазылуын өтінді.

Акцияға қатысушылардың бәрі Бразилияның Ұлттық конгресіне өтініш хаттар жазған.

Айта кетейік, жемқорлықпен ұсталған Бразилияның экс-президенті 12 жылға сотталған. Лула да Силва аппеляциялық шағым қаралмай бостандықта болуын өтінген. Алайда сот айыптау шарасын жүзеге асыру үшін саясаткерді түрмеде ұстауды жөн көрді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір