• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:24:15
Алматы
+35°

09 Мамыр, 2018 Аймақтар

БҚО тұрғындарының 97 пайызы көгілдір отынмен қамтылуы көзделуде

Ақ Жайық өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық дамудағы басым бағыттардың бірі – елді мекендерді газбен жабдықтау.

Ақ Жайық өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық дамудағы басым бағыттардың бірі – елді мекендерді газбен жабдықтау. Облысты табиғи газбен жабдықтау негізінен төрт «Орталық Азия – Орталық», «Орынбор – Новопсков», «Қарашығанақ – Орал», «АГРС Жымпиты-Қаратөбе» магистралды құбыры арқылы жүзеге асырылуда.

Батыс Қазақстан облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Шарафутдиннің айтуынша, Батыс Қазақстан облысын газбен қамтамасыз ету жұмыстары 2006-2007 жылдардан бастап қарқын алған.

-Сол жылдары «Батыс Қазақстан облысының елді мекендерін газдандырудың 2006-2008 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасының» әкімшісі облыстық құрылыс басқармасы болды. Аталмыш бағдарлама аясында 21 елді мекенге табиғи газ жеткізіліп, сәйкесінше елді мекендердің газбен жабдықталу көрсеткіші 26%-ды немесе 137 ауылдық елді мекенді құрады. Сонда ауыл тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету үлесі 45%-ды, ал облысқа шаққанда 68%-ды құрады. 2008 жылдан бастап елді мекендерді газдандыру жұмыстарын БҚО-ның энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы іске асырып келеді. Қазіргі уақытта Орал мен Ақсай қалалары, облыстың 12 аудан орталықтары тұтастай көгілдір отынмен қамтамасыз етіліп, желілік газ құбыры тартылған және аймақтағы барлық елді мекенді газдандыру жұмыстары одан әрі жалғасуда,- дейді ол.

2008-2017 жылдары аралығында өңірдегі 153 елді мекенге табиғи газ жеткізілген, оған 25,4 млрд. теңге қаржы жұмсалған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс тұрғындарының газбен қамтылу үлесі 94%-ды, оның ішінде ауыл халқының саны бойынша 88%-ға жетті.

Биыл Бөкей ордасы ауданының 11, Ақжайық ауданының 11, Жәнібек ауданының бір елді мекенінің тұрғындары газдың рақатын көреді деп күтілуде. Сонда облыс тұрғындарының табиғи газбен қамтылу үлесі 95%-ға жетеді. Сонымен қатар ҚР Энергетика министрлігіне және БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жалпы құны 3,2 млрд. теңгені құрайын бюджеттік өтінім жолданған. Осы өтінім негізінде бюджеттік қаражат бөлінген жағдайда, қаралған қаржыға Зеленов ауданының бір, Қазталов ауданының 13, Теректі ауданының 13 елді мекені газбен қамтылады.  Сонда облыс тұрғындарының табиғи газбен қамтылу үлесі 97%-ға, оның ішінде көгілдір отынмен қамтылған ауыл халқының саны 92%-ға жетеді. Жалпы газдандыру жұмыстарының арқасында тұрғындардың өмір сүру сапасы жақсара түспек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір