• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:30:12
Алматы
+35°

12 Шілде, 2018 Аймақтар

БҚО-ның  перинаталды орталығы  мобильді қосымша  дайындады

Бұл қосымша арқылы жүкті әйелдер гинеколог дәрігерлердің кеңесін үйден шықпай-ақ ала алатын болады.

Батыс Қазақстан облысының барлық медициналық мекемелері қағазсыз құжат  айналымына көшті. Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша,  БҚО перинаталды орталық «Жүкті келіншектердің форумы» атты мобильді қосымша дайындаған. Қазіргі таңда қосымша тесттік режимде тексерістен өтіп жатыр. Бұл қосымша арқылы жүкті әйелдер гинеколог дәрігерлердің кеңесін үйден шықпай-ақ ала алатын болады. Оған қоса қосымшада көптеген пайдалы кеңестер енгізілген. Сондай-ақ Орал қаласындағы  емханаларда «Қазмединформ» медициналық ақпараттық жүйесі мен «Электронды кезек» жұмысы жақсы жолға қойылғаны мәлім. Облыс көлемінде k-vrachu.kz мобильді қосымшасы жұмыс жасауда. Оны Play Market пен AppStore-дан телефонға немесе планшетке жүктеп алуға болады. Бұл мобильді қосымшаның көмегімен пайдаланушылар үйден дәрігердің қабылдауына жазылып, қоңырау шалуға, жазылған рецептілерді, зертханалық зерттеулердің нәтижелерін көруге мүмкіндік алды.

Батыс Қазақстан облыстық клиникалық ауруханада да  медициналық ақпараттық жүйесі еңгізіліп, тіркеуден бастап науқасты шығаруға дейін тұтастай қағазсыз процесске көшті. Бұл ақпараттық жүйе барлық медициналық ұйымдармен онлайн режимінде байланыс орнатуға мүмкіндік береді. «Қазмединформ» медициналық қателердің санын азайтуға, медициналық көмектің үздіксіздігін қамтамасыз етуге, медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға  мүмкіндік береді.

Қалалық №1 емханада ауруды басқару бағдарламасы (ПУЗ-программа управления заболеванием) іске қосылды. Сонымен қатар қант диабетіне шалдыққан науқастардың көз ауруларын алдын алу және бақылау үшін арнайы Peek Retina құрылғысы сатып алынды. Ол арқылы жалпы тәжірибе дәрігері науқасты көз дәрігеріне жібермей, құрылғыны телефонға орнатып, көзді өзі фотоға түсіріп, ақпараттық жүйеге енгізеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір