22 Сәуір, 2018 NEWS
БҚО дін істер басқармасының экс-басшысы жазаланды
Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының бұрынғы жетекшісі Саялбек Ғиззатов пара беруге итермелегені үшін жазаланды.
Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының бұрынғы жетекшісі Саялбек Ғиззатов пара беруге итермелегені үшін жазаланды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттыққа сілтеме жасап.
Сот құжаттарындағы мәлімет бойынша, Ғиззатов дін мәселелерін зерттеу орталығының жетекшісі Азамат Әбдрахмановты Мемлекеттік аудит департаменті БҚО бойынша бөлімінің жетекшісі Кенжеаным Ермеккалиеваға 200 мың теңге пара беруге үгіттеген.
Ермекқалиева экстремизммен күреске бөлінген бюджет қаржысын тексергенде заң бұзушылықтарды анықтаған. Соттың дерегінше, Ғиззатов "заң бұзушылықтарды аудиторлық актіде" көрсетпеу үшін пара бермек болған. Ермекқалиева пара алып жатқан жерінде ұсталған.
Ермекқалиеваға 12 миллион, Ғиззатовқа 6 миллион теңге айыппұл салынды. Сот шешімімен екеуі де өмір бойы мемлекеттік қызметке жұмыс істей алмайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір