• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:07:03
Алматы
+35°

Жуырда арнайы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысының тумасы, Кеңес Одағының Батыры Сүндетқали Есқалиевтің ерлігін зерттеу, есімін ұлықтау мақсатында батыр бабамыздың жерленген жері Белоруссия Республикасы,  Могилев облысы Быхов ауданы Лудчицы деревнясына барып қайтқан болатын.

Сүндетқали Есқалиев - 1924 жылы Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданының Алмаз ауылдық округіне қарасты Аққұдық (Константиновка) елді мекенінде дүниеге келген. Ол 1942 жылғы шілде айында әскерге алынған. 1944 жылы 556-атқыштар полкінің құрамында Могилев облысы Быхов ауданы Лудчицы деревнясын азат етуде мәңгі өшпес ерлік көрсетіп, тарихта батыр болып қалды. Атап айтқанда, маусым айының 23-нен 24-не қараған түнгі шайқаста тоқтамастан оқ боратқан жау пулеметіне жер бауырлап барып лақтарған гранатасы жарылмай қалады. Осы сәтте батыр Сүндетқали жауынгер ұшып тұрып, амбразураны өз кеудесімен жаба құлады. Кедергі болған пулеметтің үні сонда ғана өшеді. Осылайша жанқиярлық ерлігімен С.Есқалиев өз жолдастарына жол ашқан еді.  А.Матросовтың ерлігін қайталап, небәрі жиырма жасында қыршын кеткен қазақ жігітіне 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

Батыр бабамыздың ерлігін насихаттау мақсатында Батыс Қазазқстан облысынан Белоруссия еліне Шыңғырлау аудандық білім бөлімінің басшысы А.Сапаровтың бастауымен ауданнан жасақталған топ Белоруссия жеріне сапарға шықты.

Сүндетқали бабамыздың жерленген жері Быховскіде Тайманова деревнясынан үш шақырым жерде орналасқан бауырластар зиратына барып, рухына тағзым етіп, туған елінен бір уыс топырағы қойылды.

Бүгінде батыр қала Минскіден, Быховск қаласы орталығы көшелеріне Сүндетқали Есқалиевтің есімі беріліп, мектепте, музейде арнайы бұрыштар орналастырылып, белорус пионерлерінің есімін әнге қосатынын қандай құрмет екенін бағалай беріңіз!

Адақ Шотпанов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір