• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:09:56
Алматы
+35°

18 Қазан, 2017 Денсаулық

БҚО дәрігерлері кәсіби біліктілігін арттыруда

51 жоғары және орта білімді мамандар отандық және шетелдік дәрігерлерден сабақ алып, сертификатқа ие болды.

Жуырда Батыс Қазақстан облысы орталығы Орал қаласында жоғарғы медициналық колледж негізінде оқыту-клиникалық орталығы ашылды.

БҚО денсаулық сақтау басқарма басшысының даму және ұйымдастыру жөніндегі орынбасары Нұрданат Беркінғалидың айтуынша, бұл орталық симуляциялық тренажерлер мен робот-муляждар арқылы  кәсіби біліктілігін арттырамын деген дәрігерге үлкен мүмкіншіліктер бермек. Жас дәрігерлер емдеу шараларын  муляждарға қолданып, тәжірибеден өткізуде. Осы орайда айта кетсек, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін   халықтың қолжетімді, толыққанды, сапалы медициналық қызметтерге мұқтаждығына икемді жауап беретін инфрақұрылымды қалыптастыру  қажеттігі  айтылған еді. Денсаулық сақтау ұйымдары үшін ауруханалардағы  медициналық құрал-жабдықтардың алар орны ерекше.  Жаңадан ашылған орталықтағы курсанттар заманауи дәрісханалардан теориялық білім алса, облыстың түкпір-түкпірінен келген дәрігерлер мен мейірбикелер  акушерлік және гинекологиялық жәрдем көрсету, жүректің тоқтау қаупін алдын алу, терапия мен педиатрияда және хирургияда сапалы көмек көрсету бөлмелерінде практикалық білімдерін шыңдайды.   Сондай-ақ  IТ-технологиялардың көмегімен дебрифингтік залда кері байланыс арқылы ем-шара барысында жіберген қателіктерін бейнемониторда   айқын көре алады.  Оқыту-клиникалық орталықта білімін жетілдірген 51 жоғары және орта білімді мамандар отандық және шетелдік дәрігерлерден сабақ алып, сертификатқа ие болды.

          Сондай-ақ медициналық білім беру бағдарламаларын жетілдіру шеңберінде арнаулы медициналық оқу орындарында оқитын өңірдегі студенттер  заманауи этикалық стандарттарды, коммуникациялық дағдыларды, білім алу және оны ұстап тұру үшін жеткілікті деңгейде ағылшын тілін меңгеруді  кезең-кезеңімен оқуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір