• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:06:24
Алматы
+35°

14 Маусым, 2018 Аймақтар

БҚО-дағы жаңа шағын ауданның құрылысы басталуда

«Ақжайық» жаңа шағынауданының құрылысы басталмақ.

Батыс Қазақстан облысының орталығында жер көлемі 425 гектарды құрайтын «Ақжайық» жаңа шағынауданының құрылысы басталмақ. Аталған ауданда 150 көпқабатты тұрғын үй бой көтеріп, 9600 оқушыға арналған сегіз жалпы білім беретін мектеп пен тоғыз балабақша, сонымен қатар денсаулық сақтау нысандары мен 78 балалар ойын алаңы да салынатын болады.

Қазіргі таңда Орал – Сара­ тов күрежолы бойында пайда болатын болашақ шағынауданға инфрақұрылым же­лілерін тарту жұмыстары қызу қолға алынды. Инженерлік желі­лер­дің жалпы ұзындығы – 124,8 шақырым. Ал оған жұмсалатын қар­жының жалпы сомасы – 3,92 млрд. теңгені құрайды. Кеше облыс әкімі Алтай Көлгі­ нов құрылыс алаңында болып, мер­дігерлермен кездесті. Су, электр желісі, табиғи газ сияқты инже­нерлік желілерді жеткізуші құ­ры­лыс компанияларының басшыла­ рымен жеке-жеке тілдесіп, мәнжайға толық қаныққан облыс әкі­ мі жоспарланған жұмыстардың уақтылы және сапалы орында­луын тапсырды. – Құрылыс жұмыстарын жауыншашын маусымы басталғанға де­ йін аяқтау қажет. Жаңбыр мен еріген қар суы ағатын арықтар­дың салынуын басты назарда ұс­таған жөн. Электр желілері то­лық­тай жердің астымен жүргізі­ле­ді. Бұл жерде заманауи стан­ дарттар мен талаптарға жауап бе­ретін шағынаудан пайда бола­ды. Электр желілерін тарту кезін­ де цифрландыру аясындағы жұ­ мыстарды да бірден қолға алу ке­ рек, – деді Алтай Сейдірұлы. Жалпы ұзындығы 25,6 шақы­рымды құрайтын сумен қамту же­ лісінің (жалпы сомасы – 370,025млн. теңге) құрылысына жауапты бас мердігер «ПМК-117» ЖШСның директоры Ольга Попова­ның айтуынша, жұмыс кестеге сай ырғақты жүргізілуде.

– 20-дан астам адам мамыр айынан бері жұмыс істеп жатыр. Жердің үстіңгі қабаты аршылып, арықтар қазылуда. Бүгінге дейін 4,5 шақырым полиэтилен құбыр­лар орнатылды. Нысанды бекітіл­ ген жоспарға сай қараша айын­ да тапсыруымыз керек. Алайда, жұмысты мерзімінен бұрын қа­ зан айында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Жаңа шағынаудан қала­ ның орталық сумен қамту желісі­не қосылатын болады, – дейді ол. Жалпы ұзындығы 10,9 шақы­ рым­ды қамтитын газ құбырының (жалпы сомасы – 329,225 млн. тең­ге) құрылысына кірісіп кет­кен «Лайгэ» ЖШС өкілінің айтуын­ша, «Ақжайық» шағынауданын­да­ғы әлеуметтік нысандар мен көп­қабатты тұрғын үйлердің дер­бес, автономды жылу жүйесі болады. Шағынаудандағы әр квартал, ша­мамен 10-12 көпқабатты тұрғын үйге жылу қазандығы орнатыл­ мақ. Қазір 26 қосалқы стансаның құрылысы жүруде. 10 киловатт желінің ұзындығы 33 шақырым, кабельдің ұзындығы 57 шақы­рым. Жер асты кабельді желі тартылған соң, келесі кезекте көше жарығының тіректері орнатыла бастайды. Газбен қамту жұмыстары тамыз айының соңы мен қыркүйек айы­ның басында, электр желілерін тарту қыркүйек айында, ал су құ­бырларының құрылысы қазан айын­да аяқталмақ. Келер жылы алдымен көпқабатты тұрғын үй­ лердің, одан кейін әлеуметтік ны­ сандардың құрылысы басталады. Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаевтың айтуынша, жаңа ша­ғынаудан мен қала аралығын бай­ланыстыратын жаңа көпір де са­лынады.

– Шаған өзенінің арғы бетінен Сыдықов және Мәметова көшелеріне дейін жалғайтын көпір құрылысының жобалық жұмыс­та­рын келер жылы аяқтап, 20202021 жылдары жаңа көпірдің құ­рылысы жүргізіледі, – дейді Орал қаласының әкімі Мұрат Рахметұлы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір