• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:17:59
Алматы
+35°

 

Жуырда Орал қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында облыстық «Цифрлы оқу орны» инновациялық жобалар жарысы ұйымдастырылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тірек еткен байқауға БҚО-ның 14 колледжінен 27 үміткер қатысып, өз жобаларын ұсынды. Байқау нәтижесінде екі секция бойынша Орал қаласындағы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенттерінің жобалары үздік шықты.

Облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткен байқау студенттердің инновацияға деген қызығушылығын арттырып, цифрлық сауаттылықтарын дамытуды көздеді. Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің бөлім басшысы Райгүл Қуаншәлиеваның айтуынша, аталмыш байқау алғаш рет өткізіліп отыр.

– Елбасымыз биылғы Жолдауының «Адами капитал – жаңғыру негізі» бағытында «Жұмыс берушілерді тарту арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлық  дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы бағдарламаларды жаңарту керекпіз» деп атап өткен болатын. Байқау осы тапсырмаға орай өткізілді, – деді Р.Тілекқабылқызы.

Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжінде өткен байқау «Мәліметтер базасын әзірлеудегі үздік жоба», «Электронды-цифрлық ресурс әзірлеу саласындағы үздік жоба», « Мобильді  қосымшаларды әзірлеу саласындағы үздік жоба», «Үздік анимациялық жоба», «Дамыту ойындарының үздік жобасы (әлеуметтік желілер үшін)» секілді бес бағытты қамтыды. Әділқазылардың шешімімен бірінші секцияда Ж.Досмұхамедов атындағы   педагогикалық колледжінің студенті Андас Қажымовтың «Дамыту ойындарының үздік жобасы» бағыты бойынша «ЛатынҚаз» ойыны  тақырыбындағы жобасы үздік деп танылды. Екінші секцияда да аталмыш колледждің студенті Асылхан Әжімұрат бірінші орын алды. Асылхан электронды-цифрлық ресурс әзірлеу саласындағы үздік жоба ( электронды оқулықтар, электронды оқу құралдары) бағыты бойынша «Латын әліпбиі» электрондық оқу құралы тақырыбында жобасы мен ерекшеленді. Adobe Flash бағдарламасымен жасалған жобаны бастауыш сыныптан бастап жоғары сынып оқушыларына дейін пайдалана алады. Балалардың латын әліпбиін еске сақтауы үшін қажеттілігімен құнды жоба қолданушысын арнайы анимациялармен қызықтырады. Мұнда 32 латын қарпі және өз пернетақтасы бар. Жобада 16 тапсырма берілген. Осының бәрін жан-жақты ойластырып, бағдарламаға енгізген Асылхан бұған дейін де талай мәрте облыстық байқауларда топ жарған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір