• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:04:26
Алматы
+35°

22 Сәуір, 2018 NEWS

БҚО-да департамент басшысы ғаламтордағы видеодан кейін қызметінен кетті

ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі Батыс Қазақстан облыстық департаментінің басшысы Мұрат Оспановтың ...

ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі Батыс Қазақстан облыстық департаментінің басшысы Мұрат Оспановтың түнгі клубта жүргені жайлы видео YouTubе желісіне шыққаннан кейін шенеунік жұмыстан шығып қалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz  cайтына сілтеме жасап.

"Оспанов министрліктің жауапты хатшысының 2018 жылдың 18 сәуіріндегі №211-ж бұйрығымен атқарып отырған қызметінен өз еркімен босатылды", — деп хабарлады облыстық мемлекеттік қызмет департаментінен.      

Видео 12 сәуір күні жарияланды. Онда Оспановтың қолтығынан демеп "Эльдивино" түнгі клубынан сыртқа шығарып жатқаны көрінеді. Осыдан кейін қызметтік тексеріс жүргізілді. Шенеуніктің өзі денсаулығы сыр беріп, қызметкерлер клубтан шығуға көмектескенін айтып ақталды. Кейінірек жазба YouTub-тен өшірілді.       

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір