• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 10:10:31
Алматы
+35°

24 Сәуір, 2018 Аймақтар

БҚО-да «Бүлдіршіндер» саябағы ашылды

Аудан кәсіпкерлері «Туған жер» бағдарламасы аясында саябақ салу, ауылды абаттандыру, сонымен қатар ағаш отырғызуға да белсене қатысуда

«Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні» акциясы күні Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында «Бүлдіршіндер» саябағы бой көтерді. Мұнда алдағы қыркүйекте мектеп қабырғасын аттағалы отырған «Ақбота», «Бөбек», «Аяна», «Жібек» балабақшаларының, Чапаев №1 орта мектебіндегі «Балапан» шағын орталығының балғындары өздерінің ата-аналарымен, оқытушыларымен бірге тал екті. Тұрғындар, ауылдағы ардагер ұстаздар қатысқан салтанатта аудан әкімі Әділ Жоламанов құттықтау сөз сөйледі.

– Жыл өткен сайын бақтың аумағы кеңейіп, әсіресе біздің сәбилеріміздің сүйікті орнына айналады деп күтілуде. Тоғыз жолдың торабындағы ауданымыз орталығында барған сайын саябақтар, жасыл желек молайып келеді. Мұның барлығын сақтап, жас ұрпақты туған жерді аялауға баулуымыз керек,- деді ол.

Ата-аналар атынан Гүлнәр Сағадиева сөз сөйлеп, балалар үшін осындай орынды жасақтаушылардың бәріне алғысын арнады. Көлемі 0.8 га. аумақты алып жатқан саябаққа бұл күні алғашқы 114 түп аққайың отырғызылды.

Аудан кәсіпкерлері «Туған жер» бағдарламасы аясында саябақ салу, ауылды абаттандыру, сонымен қатар ағаш отырғызуға да белсене қатысуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір