• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:18:12
Алматы
+35°

17 Қазан, 2016 Шаруашылық

БҚО-да 130 мың гектар жерді суармалы ету көзделуде

Қазталов ауданындағы Қараөзенге Жайық-Көшім жүйесінен бассейнаралық суды жіберу үшін Киров-Шежін арнасын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды

Қазталов ауданындағы Қараөзенге Жайық-Көшім жүйесінен бассейнаралық суды жіберу үшін Киров-Шежін арнасын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Qamshy.kz Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.

Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, ауыл шаруашылығының тиімді дамуы ирригациялық жүйемен тікелей байланысты. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ирригациялық жүйені жаңғырту және жайылымдық жерлерді суландыру мәселесіне ұдайы көңіл бөлуде. Осыған орай қолға алынған аталмыш жобаның мақсаты - Ресейден алынатын Еділдің 30 млн. текше метр суына тәуелділікті азайту. Жоба жүзеге асқанда, облыстың оңтүстік аудандарындағы 6 мың гектар көлтабандарын суару жүйесі жаңғыртылады. Бұл 130 мың гектар жерді суармалы етуге мүмкіндік береді. Сол аумақта орналасқан Қазталов және Жаңақала аудандарының елді мекендері Киров-Шежін арнасының тазартқыш қондырғылары арқылы ауыз суды да пайдаланатын болады.

Биыл Киров-Шежін арнасын жаңғыртудың бірінші кезеңі (55 шақырым) мәреге жетті. Енді қараша айының басында екінші кезеңі (75 шақырым) аяқталмақ. Жобаны толық жүзеге асыру үшін үшінші кезеңнің (49 шақырым, оның 18,8 шақырымы - жаңа арна құрылысы) жобалық-сметалық құжаттамасы жыл соңына дейін дайын болмақ. Үшінші кезең қаржысын алдағы жылдың бюджетіне енгізу бағытында жұмыстар атқарылуда. Бұған ел Үкіметі мен тиісті министрліктер тарапынан қолдау көрсетілуде.

Биыл сонымен қатар Ақжайық, Жаңақала, Жәнібек, Теректі аудандарының 66 су шаруашылығы нысандарының құжаттарын және 3 су шаруашылығы нысанының жобалық-сметалық құжаттамасын жасауға 106 млн. теңге бөлінді. Оған қоса Сырым ауданы Шолақ Аңқаты су қоймасын қалпына келтіру (5,6 млн. теңге), Өлеңті көлтабанды суару жүйесін жаңғырту (18 млн. теңге) жұмыстары басталды. Теректі ауданы Жайық-Шалқар суландыру арнасы сорғы стансасының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді, бұл бағыттағы жұмыстар келесі жылы қолға алынбақ.

«Осының бәрі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне қолайлы жағдай жасап, мал шаруашылығының одан әрі өркендеуіне септігін тигізеді», - деді Алтай Көлгінов. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір