• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:18:24
Алматы
+35°

07 Шілде, 2018 Аймақтар

БҚО аудандарында коворкинг орталықтары ашыла бастады

Оқимын, ізденемін, жаңа достар табамын деген жандарды бос уақытын коворкинг орталығында өткізуге шақырамыз

Батыс Қазақстан облысының Дариян ауылында жастардың бизнес, шығармашылық, оқу бағдарламалары аясындағы креативті жобаларын жарыққа шығарып қана қоймай, оны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін коворкинг орталығы ашылды.

Зеленов ауданының орталығы Дариян аулында ашылған коворкинг орталығы «Шабыт»  деп аталды.

- Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Дегенмен қазіргі таңда жастарымыздың кітапханға келуі азайды. Ауыл жастарының игілігіне берілгелі тұрған коворкинг орталығы дегеніміз – кітапханаға еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін адамдарды тартудың жаңа әдісі. Сондай-ақ орталық жастардың өз мүмкіндіктерін толық пайдаланып, шығармашылық және басқа да қабілеттерін дамытуға да үлкен септігін тигізеді. Ел болашағы жастарға қолдау көрсету турасындағы жұмыстар әлі де жалғасатын болады. Қазақстанымыз бәсекеге қабілетті үздік елу ел қатарына енсін десек, жастарды қолдауымыз керек, – деп жиналғандарды орталықтың ашылуымен құттықтады. Жастарға үлкен мүмкіндіктер беретін орталықтың ашылу салтанатында республикалық пәндік олимпиада жеңімпазы, Дариян жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің 11-сынып оқушы Данияра Ғалиева сөз алып: – Ауыл жастары осы орталықтың ашылуын көптен күтті. Коворкинг орталығы жастардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін болады. Мұнда жастар үшін барлық жағдай жасалған. Оқимын, ізденемін, жаңа достар табамын деген жандарды бос уақытын коворкинг орталығында өткізуге шақырамын. Және де осындай тамаша орын салып берген аудан басшылығына ризашылығымыз шексіз, – деді.

Дариян модельді балалар кітапханасының жанынан ашылған коворкинг орталығы бірнеше аймаққа бөлінген. Алғашқысы – жұмыс аймағы. Ол жерде келушілер арнайы қойылған компьютерлерге отырып, электронды үкімет порталына кіре алады. Екінші компьютерге отырған жан ғаламтор арқылы өзіне керекті ақпаратты алып қана қоймай, әлеуметтік желілерге кіріп, уақыт өткізуге мүмкіндік бар. Коворкинг орталығына келушілер жұмыс аймағынан ауданның тарихы жайында да дерек ала алады. Ол үшін арнайы компьютер де қойылған. Алдағы уақытта Ғ.Өтебәлиев, Т.Абдрахманов, Т.Кудряшова сияқты жергілікті өлкетанушылардың да еңбектері цифрланып, орталық қорына қосылмақ. Дарияндықтарды үлкен қуанышқа бөлеген орталық қызметкері Мәрзия Қонысбаева: – Болашақта өңіріміз бен еліміздегі басқа коворкинг орталықтарымен хат-хабар алмасып, тәжірибелерімен бөлісіп тұратын боламыз. Жастар үшін жасалған орталықа бизнес-тренингтер мен түрлі шеберлік сағаттары, интеллектуалды ойындар мен дебаттар және ағылшын тілін үйрету курстары да өткізілетін болады. Сондай-ақ видеороликтерді монтаждау, фотоөнерге баулу мен дизайнерлердің шеберлік сағаттарын өткізуді жоспарлап қойдық. Кішкентай бүлдіршіндер үшін де орталыққа түрлі фильмдер көріп, қызықты ойындар ойнайтын болады, – деді Зеленов ауданының әкімі Асхат Шахаров.

Бұдан бөлек «Шабыт» коворкинг орталығында үстел теннисі,  тоғызқұмалақ, асық, дратс ойындарын ойнап, көңіл көтеруге болады. Табиғатты сүйетін жандар болса, тотықұс пен аквариумдағы балықтарды тамашалай алады. Коворкинг орталығы қызметкерлері мен ауыл жастары орталықта іске асырар идеяларының көп екендігін алға тартады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір