• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:47:54
Алматы
+35°

12 Ақпан, 2018 Аймақтар

Бойжеткеннің үстіне қайнаған май құйып жіберген ер адам сотталды

Мұнайлы аудандық сотында вокзал маңындағы дәмхана сатушысының үстіне қайнаған май құйып жіберген айыпталушыға үкім шықты.

Мұнайлы аудандық сотында вокзал маңындағы дәмхана сатушысының үстіне қайнаған май құйып жіберген айыпталушыға үкім шықты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Лада» газетіне сілтеме жасап. 

Сот 31 жастағы Қасым Жұмахановты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») 2-бөлігі бойынша айыпты деп танып, екі жылға бас бостандығынан айыру және материалдық залал ретінде 373 645 теңге мөлшерінде өтемақы төлеу жазасына кесті.

Бірақ жәбірленуші Сымбат Қозыбай және оның туған-туыстары соттың бұл шешіміне келісер емес. Олар үкімнің үстінен шағым түсірмек. «Біз емдеу үшін бір миллион теңгеден артық шығын шығардық. Бұдан басқа, Сымбатқа бірнеше рет пластикалық ота жасалуы тиіс. Осының бәріне ең кем дегенде төрт миллион кетеді», - дейді жәбірленушінің әпкесі Жаңагүл Естұрғанова.

Ал сотталушының қорғаушысы бүкіл процесс бойы оқиғаға қайнаған май толы қазан айнаның алдында тұрғаны үшін дәмхананың иесі мен Сымбаттың өзін айыптаумен болды. Еске сала кетейік, ер адам таңғы бесте спиртті ішімдік сатудан бас тартқаны үшін 20 жастағы бойжеткеннің үстіне қайнап тұрған майды төгіп жіберген болатын. Қыздың денесінің 30% күйік шалған.

Қыздың туыстары күдіктіге қатысты «Бұзақылық» бабымен іс ашылғанына қатты наразылық білдіріп, былтырғы қарашада ол оқшаулағышқа жіберілген. Кейін ҚР ІІМ-дегілер істің басқа баппен жүргізілетінін мәлімдеді.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір