• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:06:07
Алматы
+35°

14 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Бостандық ауданында 90 көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Бостандық ауданының әкімі Бекқали Торғаев айтты

Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Бостандық ауданының әкімі Бекқали Торғаев айтты.

Бекқали Торғаевтың ақпаратынша, Бостандық ауданында орын тепкен барлық денсаулық сақтау мекемелері жылуға қосылған. Коммуналдық шаруашылық мамандары тарапынан ПИКтердің өз қаражатына жоспарланған тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарына талдау жасалды.

1420 тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жөндеуге қатысты тиісті кесте бекітілді. Аталған кестеге 231 ескі тұрғын үйлер (ветхие), сонымен қатар «Аумақтарды дамыту – 2020» бағдарламасына енгізілген 90 тұрғын үй кірген жоқ. Бостандық ауданы әкімі аппараты тарапынан мамыр-қыркүйек айлары аралығында ПИКтердің 1420 тұрғын үйлерге 87444926 теңге қаражатқа жүргізген жөндеу жұмыстарына мониторинг ұйымдастырылды. «Аймақтарды дамыту – 2020» бағдарламасы аясында Бостандық ауданында жалпы саны 90 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бөлінген қаражат мөлшері – 1 073 488 682 тенге,- деп сөзін түйіндеді аудан басшысы Бекқали Торғаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір