• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:29:48
Алматы
+35°

14 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Бостандық ауданында 378 дана жаңа жарық нүктелері құрылды

2017 жылы 378 дана жаңа жарық нүктелерінің құрылысы жүргізілген,- деп хабарлады аудан басшысы

 

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Бекқали Нұрғалиұлы, Бостандық ауданында көше жарықтандыру желілерін жөндеу, күтіп-баптау және қалпына келтіру бойынша жұмыстарды «Алматықалажарық» КММ жүзеге асырады. 10 ай ішінде 216 840 000 теңге сомасына жалпы ұзындығы 380,4 км-ге тең 10 953 жарық нүктелерін күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді. 2017 жылы 378 дана жаңа жарық нүктелерінің құрылысы жүргізілген,- деп хабарлады аудан басшысы.

«Алматы тазалык» КММ жалпы сомасы 924 842 433 теңгеге ұзындығы 241,7 км аудан аумағындағы 229 көшелер мен 6 жол айырықтарындағы жол төсемдерінің және 168 км аудан аумағындағы жаяу соқпақтардың механикалық және қолмен тазалау жұмыстары, 7 жербеті және 2 жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерінде санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Аудан аумағы бойынша жалпы 29 қалалық және аудандық (жергілікті) сенбіліктерін өткізу барысында барлығы 11 290 м3-ден астам қоқыстар, бұтақтар мен жапырақтарды шығару жұмыстары жүргізілді. Ол үшін 540 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына аудан аумағында орналасқан 141 контейнер алаңдары күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті. Қазіргі таңда 174 контейнер алаңына жөндеу жұмыстарын жүргізілуі жобада тұр. Көлемі 1,1 м3 болатын 334 дана контейнері ауыстырылды.

«Служба спасения» КММ және аудан мердігер ұйымдарымен бірлесе отырып, аудан аумағында орналасқан Қожабеков-Розыбакиев-Ходжанов-Гагарин аумағында аумағы 1,3 га бос тұрған жер теліміне тазалау жұмыстары жүргізілді. Көлемі 587 м3 кездейсоқ және құрылыс қалдықтары, тастар, бетондар, темір құрылымдар және т.б. шығарылды. Жұмыс барысында 28 арнайы техника және 30 адам қамтамасыз етілді,- деп мәлімдеме жасады Бекқали Нұрғалиұлы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір