• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 22:47:16
Алматы
+35°

14 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Бостандық ауданы әкімі Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізді

Елбасы тапсырмасынан кейін әл-Фараби көшесінен жоғары тау бөктерінде бірде бір көп қабатты тұрғын үй салынған жоқ

Елбасы тапсырмасынан кейін әл-Фараби көшесінен жоғары тау бөктерінде бірде бір көп қабатты тұрғын үй салынған жоқ. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Бостандық ауданының әкімі Бекқали Торғаев айтты.

«2016 жылдың басында берілген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасынан кейін әл-Фараби көшесінен жоғары қарай көп қабатты үйлер салынған жоқ. Қалалық мәслихат депутаттары осы тапсырмаға сәйкес тау бөктерінде салынатын үйлердің биіктігі 12 метрден аспау қажет деген шешім қабылдаған болатын. Қала құрылысы кеңесінде осыдан кейін бірде бір жоба орындалған жоқ. Елбасы тапсырмасына дейін шешім алғандарға мониторинг жүргіздік. Біздің ауданда «Базис» компаниясының 7 қабатты үй салу жобасы бар еді, соны 3 қабатқа шегердік», – деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, аудан әкімі 2017 жылы Бостандық ауданында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында 10-нан астам жобалар мақұлданып, жүзеге асырылғанын айтты.

«Биылғы жылы ауданымызда 14 жаңа балаларға арналған спорт алаңдары ашылды. Бірқатар көшелер абаттандырылды. Төл мәдениетімізді дәріптеу мақсатында жастар арасында «Жас өркен» фестивалі ұйымдастырылды. Бірқатар көшелердің атауы өзгерді. Өздеріңіз жақсы білетіндей біздің ауданның магистральды, басты көшелерінің бірі – бұрынғы Фурманов көшесіне Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі берілді. Бұл біздің қаламыз үшін, оның ішінде аудан тұрғындары үшін зор мақтаныш, үлкен абырой», – деді ол.

Бекқали Торғаевтың айтуынша, 2017 жылдың қаңтар-қазан айларына сәйкес, Бостандық ауданында мемлекеттік кірістер көлемі 273,6 млрд. теңгені құрап отыр. «Жоспар 74,0% орындалды. Оның ішінде республикалық – 182,2 млрд теңге (67,0%) болса, жергілікті – 91,4 млрд. теңге (90%)», – деді әкім.

Қазіргі таңда, Бостандық ауданында жалпы саны 44 ірі және орта, 884 кіші кәсіпорындар тіркелген. Алматы қаласы бойынша Бостандық ауданында кәсіпорын өнімдерінің үлесі 10,4% құрайды.

«Ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында негізгі капиталға құйылған инвестициялар көлемі 119,9 млрд. теңгеге жетті. Былтырғы көрсеткішпен салыстыратын болсақ 125% өсіп отыр (95,9 млрд. теңге)», -деді Б.Торғаев.

Аудан әкімі өз баяндамасында Бостандық ауданында 24 836 кәсіпорын тіркелгенін, қазіргі таңда олардың 12 896 тұрақты жұмыс істеп тұрғандығын айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір