• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:52:51
Алматы
+35°

23 Сәуір, 2018 Саясат

Борис Ельцин –Қазақстанның демократ досы

Бүгін Ресей Федерациясының тұңғыш президенті Борис Николаевич Ельциннің дүниеден озған күні.

Бүгін Ресей Федерациясының тұңғыш президенті Борис Николаевич Ельциннің дүниеден озған күні. Осыған орай оның Ресей басшылығында болған кезеңіне азда болса шолу жасауды жөн көрдік. Борис Николаевич Ельцин 1931 жылы 1 ақпанда Ресейдің Свердлов облысының Талиц ауданына қарасты Бутка ауылында дүниеге келген .      1950-1955 жылдары Урал политехникалық институтының құрылыс факультетіндегі өнеркәсіп және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша білім алды. 1955-1957 Уралтяжтрубстрой құрылыс тресінде алғашқы кезедері мастер, бөлімше бастығы, сосын прораб болады.1961 КОКП  мүшелігіне өтеді.1963- 1968 жылдары бірқатар құрылыс комбинаттарында жұмыс істеп 1968 жылы Свердлов облыстық комитетінің құрылыс бөлімін басқарады. 1975-1976 жылдары Свердлов облыстық партия хатшысы, бірінші хатшысы болып қызмет атқарады.1985 жылы КОКП Мәскеу қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1986 жылы КОПК бюро мүшесіне кандидат болып сайланады. 1990 жылы РКФСР Жоғары Кеңесінің Төрағасы болды.                                                               

Борис Николаевич Ельцин 1991-1999 жылдары басшылық еткен Ресей Федерациясының тұңғыш президенті. Оның президенттік кезеңі Ресей тарихындағы ең ауыр қиындықтарға толы уақыттарға тұспа-тұс келді. Ельциннің президенттік кезеңінде қабылдаған шешімдері тек өзінің өмірінде орын қалдырып қана қоймай бүкіл алып мемлекеттің тағдырына әсер етті. Оның тарихи процестерде орын алған азаматтық позициясы әлі де тиісінше  толықтай өз бағасын ала алған жоқ. Бір тұтас алып империя КСРО басшылығының сан жылдар бойындағы мемлекеттік басқарудағы жіберген қателіктерімен, комунисттік-тоталитарлы жүйенің ұсынған қарапайым адам болмысына қарсы келетін пиғылдағы қате доктринасы ақыр соңында өзінің абсурдтық идеяларының арқасында тығырыққа тіреліп алып  мемлекетті тарих сахнасынан жоқ етті. Алайда КСРО-дай  ядролық қаруы бар, әскери потенциалы жоғары мемлекеттің өзіне тиесілі территория құрамында ешқандай қақтығыстарсыз ыдырауы қиын еді. Осы орайда сол кездері Ресей басшылығын Ельциннің өз қолына алып, империяның күйреу кезеңінде  реваншисттік пиғылдағы Мәскеу  маршалдарының ниетіне қарамастан бейбіт күйде таратылуына ықпал жасауында Ельциннің еңбегі зор. Сонымен қатар Ельциннің Кеңес өкіметінің ыдырауынан кейінгі кезеңде Ресей басшылығында атқарған еңбегі де аз емес. Марксист-лениндік иделогия шырмауында болған КСРО ның күйреуінен кейінгі Ресейде күрделі саяси-әлеуметтік катаклизмдер мен  бірге  бірқатар экономикалық проблемалар да орын  алған болатын. Бұл  Ресейге қатаң саяси жүйе мен  жоспарлы экономикалық қатынастар жүйесін ұстанған КСРО дан  мұра есебінде қалған сый еді. Саяси-әлеуметтік сілкіністер мен саяси-экономикалық дағдарыстар кезеңінде басшылыққа келген Борис Ельцин түрлі кедергілерге қарамастан дер кезінде керекті шешімдер қабылдай білді. Ол президент ретінде Ресейдің  саяси-әлеуметтік кеңістігіне түбегейлі өзгерістер әкелді, сөз бостандығын жария етті,  қалыптасқан саяси парадигманы өзгертуге ықпал етіп, Ресей парламетіне көп партиялық жүйе енгізуге жағдай жасады. Жоспарлы экономикалық қатынастар орнына нарықтық қатынастарға негізделген нарықтық экономиканы жасақтады. Ельцин мемлекеттің ішкі жағдайындағы өзекті мәселелерді шешумен ғана айналыспай, елдің сыртқы саясатын да қалыпқа келтіруге тырысты. Ол АҚШ және Батыс елдерімен жақсы қарым-қатынас орнатуға тырысты. Көп уақыттан бері әлемде орныққан қырғи-қабақ соғысты жалғастырудан  бас тарты. Батыспен бейбіт келісім форматындағы саясат ұстанды.  Сонымен қатар Ельциннің Қазақстан – Ресей қарым қатынасының жақсы бағытта қалыптасуна сіңірген еңбегі зор. Оны біз бүгінгі күні екі ел арасындағы достық қарым қатынасын ақ біле аламыз. Осы орайда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  Борис Ельцин қазасына орай Ресей халқына көңіл айтқан жолдауында былай деген екен: Бүгін бізге аса ауыр қайғыға толы хабар жетті  Ресейдің тұңғыш президенті Борис Николаевич Елцин өмірден озды. Мен Борис Николаевич Ельцинді ұзақ жылдар бойы таныдым. Біз екеуіміз жұмыс бабымен де өмірде де жиі кездесіп тұратынбыз. Оның Ресей басшылығындағы жылдары Ресей үшін қиын заман орнанған кезбен тұс келді. Борис Николаевич Ельцин Ресейді мүлдем жаңа  бағыттағы даму сатысына көтеріп, демократиялық қоғам орнатып, нарықтық экономиканы қалыпқа келтірді, Ресейдің әлем елдерімен бейбіт қарым-қатынас орнатуына көп еңбек етті.  Оның демократиялық құндылықтарға негізделген қоғам жасақтауда тоталитарлы жүйеге қарсы тұруын үлкен ерлік деп білемін. Сонымен қатар ол КСРО ыдырағаннан кейін тәуелсіздік алған елдермен жақсы қарым-қатынас орнатуға көп еңбек етті. Еліміз егемендікке қол жеткізген жылдары біздің егемендігіміздің нығаюына бар күш жігерін аямады. Біз қазақстандықтар  Борис Николаевич Ельцинді халқымыз бен мемлекетіміздің досы деп білеміз...    

 Борис Ельциннің Ресей тарихында алар орны ерекше тұлға. Ельцин  Ресей Федерациясында 90-ыншы жылдардың басында орын алған саяси жүйені демократизациялау мен экономиканың либерализациялау идеясының авторы, реформатор.  Әрине кез- келген түбегейлі реформаны жүргізу қиын әрі ауыр жұмыс, ал Ресей сияқты тарихы бар елде ол тіптен қиын шаруа. Бүгінде осыған байланысты Ельцин кезеңі ресейлік сарапшылар мен саясаткерлер арсында әр түрлі бағалануда, біреулер Ельцин жүргізген реформалар мен қабылдаған саяси шешімдеріне сол уақыттағы жағдайларды ескере отырып дұрыс баға беруге тырысса, енді біреулер оған қатаң сын танытуда.  Қалай десек те Борис Ельцин Ресей саяси тарихында жаңа бағыт, жаңа серпін берген тұлға болып қала бермек.  

 

Абылай Сәрсенбаев

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір