• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:38:14
Алматы
+35°

04 Қаңтар, 2018 Сұхбат

Болливудты бағындырған қазақстандық әйел: Үйімді, қазы-қартаны сағынамын

Үлкен киноға алғаш қадам басқан сәті тарихи «Марко Поло» сериалының Қазақстандағы түсірілімдерінен басталған.

Үндістанның тарихи "Бахубали" сериалы

Алматылық Наталья Гордеева 10 жылдан бері киноиндустрия саласында жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда ол үнді және голливуд фильмдерін түсіруге көмектесіп жүр. Өз өмірі, отандық кинобизнестің ұтымды тұстары мен кемшіліктері туралы Наталья Tengrinews.kz порталының The Эфир жобасына берген сұхбатында айтып берді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Үлкен киноға алғаш қадам басқан сәті тарихи «Марко Поло» сериалының Қазақстандағы түсірілімдерінен басталған.

«Біз сценарийші әрі режиссер Ахат Ибраевпен бірлесіп түрлі жобаларда жұмыс атқардық. «Марко Поло» Қазақстанға келгенде Ахат мені шақырды. Сөйтіп бәрі өздігінен жүре берді. Өзге де режиссерлермен таныстым, кино әлеміне ене бастадым. Кейін аталмыш сериалдың екінші маусымын түсіруге Малайзияға аттандым. Үндістандық тарихи «Бахубали» фильмінің түсіріліміне көмектестім. Қазіргі уақытта Болливуд пен Голливудтың жобаларымен айналысып жүрмін», - деді Наталья.

Наталья Гордеева

Сондай-ақ Наталья болливудтық жобамен айналысу барысында отандық менеджментті сағынатынын мойындады. «Біз Мумбайда бір жобамен айналысып жүрген уақытта, отандық түсірілімдерді, біздің әкімшілікті қатты сағынамын. Оларға ұйымдастырушылық, менеджмент, логистика жетіспейді. Сол себепті бізді шақырады. Ал креативті тұрғыдан бізді қажет етіп тұрған жоқ. Олардың қолынан бәрі келеді», - деді ол.

Наталья Гордеева

Голливудтық жобаларда бәрі керісінше. Натальяның айтуынша, онда бәрі ойластырылған. «Әркім тек өзіне тиесілі жұмыспен айналысады. Бір командада ғана жұмыс істейсің. Жұмыс қиын, ауыр, алайда барлық жағдай жасалған. Жақсы төлейді, өздері көлікпен тасып, тамақтандырады».

Қазіргі таңда Наталья болливудтық жобалардан жақсы ақша тауып жатқанын мойындады. Мұны Үндістанның жаңа деңгейге көтерілгендігімен түсіндірді.

Наталья Гордеева

«Бұрындары үнді киноларында билеп, ән шырқау жиі болса, қазір төбелестерді жиі кездестіреміз. Ол үшін мамандар профессионалдарды шақырады. Мен Қазақстанға келгенде, мұндағы актерлерге аз төлейтінін байқадым. Алайда нарық сондай, бұл қалыпты да. Менің саламда ақша апта сайын беріледі. Айлық 2 мың доллардан жоғары. Қазақстандағы ең жоғарғы айлық 2 мың доллар. Мен көбіне каскадерлермен жұмыс істеймін», - деді Наталья.  

Наталья Гордеева

Әлемдік деңгейдегі каскадерлермен жұмыс істеп, тәжірибе жинаған Наталья қазақстандық Nomad Stunts каскадерлерін жоғары бағалайды.

«Біздің каскадерлер төбелеседі, шабады, өрттің де арасында жүреді, садақпен атады. Мұндай адамдар жоба үшін ыңғайлы. Мұндайда біздің ойымызға бірден номадтықтар келеді. Олар жарақат алатындарын білсе де, осы қадамға барады. Олар – кәсіпқой каскадерлер».

Соңғы 8 жылда жұмыс барысымен Наталья Гоада тұрып жатыр. «Мен 4-тен 8 айға дейін жалғасатын жобаларда жұмыс істеймін. Аптасына 6 күн жұмыста болып, 1 күн демаламын. Демалыста Гоаға барып суға түсемін, күнге қыздырынамын, түрлі тағамдар дайындап, кітап оқимын. Бір күндік демалысымды тек өзіме арнаймын».

Наталья Гордеева

«Марко Поло» фильмінің түсірілім алаңында Наталья өзінің болашақ жары Морнені кездестірген. Ол Оңтүстік Африканың тумасы. Қазіргі уақытта Жаңа Зеландияда тұрады, мамандығы – инженер-дизайнер.

Наталья Қазақстанды, Алматыны сағынып жүргенін айтады. Ол Қазақстанның Болгария сынды болғанын қалайды. «Болгарияда киноның жалпы ішкі өнімі 27 пайызды құрайды. Қазақстанда фильм түсрілімідері үшін өз локациясын сатуға барынша мүмкіндік жасалған. Біз түрлі локацияларды, әдемі өлкелерімізді сата аламыз, алайда заңдық тұрғыдан бұл қарастырылмаған», - дейді Наталья.

Наталья Гордеева

«Үйімді, ұлттық тағамдарды сағынамын. Алматыға келген сайын Орталық базарға барып қазы, жая, шұжық сатып аламын. Корея салаттарын да жақсы көремін. Ешқандай мекен Алматыма жетпейді», - деп сөзін қорытындылады Наталья Гордеева.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір