• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:41:50
Алматы
+35°

15 Қараша, 2017 NEWS

Болат Өтемұратовтың Қоры табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетпек

ҚБ арасында төтенше оқиғалар кезінде зардап шеккен Қазақстан тұрғындарына көмек көрсету аясында ынтымақтасу жөнінде меморандумға қол қойылады.

2017 жылдың 15 қарашасында Болат Өтемұратовтың Қоры және «Қазақстан Республикасы Қызыл жарты ай қоғамы» ҚБ арасында төтенше оқиғалар кезінде зардап шеккен Қазақстан тұрғындарына көмек көрсету аясында ынтымақтасу жөнінде меморандумға қол қойылады,- деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Көмек қаржы ForteBank көмек карталарына аударылып, кейін оны Қызыл Жарты ай қызметкерлері төтенше оқиғалар орын алған кезде зардап шеккендерге бөліп береді. Көмек сомасы 67 200 000 теңгені құрайды.  33 600 000 мөлшеріндегі алғашқы транш 2017 жылы, ал екінші транш 2018 жылы аударылады.

qamshy.kz

Бір картаға аударылатын сома 20 000 теңгеден бастап 30 000 мың теңгеге дейінгі аралықта болады деп жоспарланып отыр. Бұл қаржыға тамақ, жеке гигиена заттарын және табиғи апаттың алғашқы күндері ең қажетті заттардың барлығын сатып алуға болады. Аталмыш көмек мемлекет тарапынан қабылданатын шаралармен қатар зардап шеккендерге көрсетілетін бірінші материалдық қолдау ретінде көрсетілетін болады.

Болат Өтемұратов қайырымдылық қорының негізін салушы осыған орай былай деп атап өтті: «Табиғи  апат салдарынан адамдар баспанасыз қалып, ас-судан айырылған кезде мен бұған бей-жай қарап тұра алмаймын. Қордың, ForteBank-тың және Қызыл Жарты ай қоғамының бірлесе күш жұмылдыруы арқасында біз зардап шеккендерге алғашқы гуманитарлық көмекті көрсететін боламыз. Осы көп тарапты бастамамызды бизнес өкілдері және қоғамдық ұйымдар қолдайды деп үміттенеміз».

Серік Әубәкіров, Алматы қаласы Төтенше оқиғалар департаментінің бастығы: "Төтенше оқиғаларға дайындалу және әрекет ету мемлекеттік құрылымдардың ғана емес, сонымен бірге, әрбір Қазақстан азаматының ісі болуы тиіс. Бұл қызметте әртүрлі ұйымдар арасындағы серіктестік ерекше маңызға ие".

Қазақстан Қызыл жарты ай қоғамының бас директоры Елена Ким: «Біздің ұйым апатты жағдайлар кезінде әрекет ету және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша көп жылдық тәжірибе жинақтаған. Біз халықаралық тәжірибені қолдана отырып, өз тетіктерімізді ұдайы жетілдіріп отырамыз. Аталмыш серіктестік аясында дайындалған мұндай жүйенің арқасында біз тұрғындарға барынша жылдам әрі тиімді түрде көмек көрсете алатын боламыз. Ал төтенше жағдайлар кезіндегі ең маңыздысы осы уақыт пен тиімділік екені сөзсіз. Бизнестің, азаматтардың және бейкоммерциялық сектордың күш жұмылдыруы нәтижесінде осындай өмірлік маңызға ие жобалар пайда болып отырғанына біз аса қуаныштымыз».

«ForteBank» АҚ басқарма төрағасы Мағжан Әуезов: «Осы жобаға қатысып отырғанымыз біз үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Табиғи апат салдарынан туындаған төтенше оқиғалар кезінде зардап шеккендерге шапшаң әрі жедел түрде көмек көрсету аса маңызды. Қабылданатын шешімдер технологиялық жағынан жоғары, нақты, сенімді әрі айқын болуы тиіс. Бүгін қол қойылған меморандумның көздегені дәл осы мақсат».

«Өткен жылдардағы тәжірибеден түйгеніміз, қазақстандықтар зардап шеккендерге көмек көрсетуде алдына жан салмайды, - деп атап өтті Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов.  – Еріктілердің азық-түліктер мен заттарды жинап, іріктеп, жүк көліктерін киім-кешек пен азық-түліктермен лық толтырып тиеп жатқанын көрдік. Бұл біздің азаматтарды тек жақсы жағынан ғана көрсетеді. Сол себепті де біз апатты жағдайда зардап шеккендермен тікелей байланыса отырып жұмыс жүргізетін ұйымдарға жәрдем  жасау, осы көмекті ұтымды әрі шапшаң түрде көрсету жөнінде шешім қабылдадық».

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір