• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:37:12
+35°

27 Маусым, 2018 Ғылым-білім

"Болашақ" бағдарламасына өзгерістер енеді

«Болашақ» бағдарламасының 25 жылы ішінде 10 096 маман даярланды, оның ішінде 5 мыңнан астамы — магистрлер, 3 мыңға жуығы — бакалавр

Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауының жетінші бағытын іске асыру аясындағы білім берудің жаңа сапасы туралы және «Болашақ» бағдарламасының 25 жылдығы туралы бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифингте білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов айтып берді.

Т. Ешенқұловтың айтуынша, «Болашақ» бағдарламасының 25 жылы ішінде 10 096 маман даярланды, оның ішінде 5 мыңнан астамы — магистрлер, 3 мыңға жуығы — бакалавр, 300-ден астамы — PhD докторлары, аспиранттар мен интерндер, сондай-ақ 1800-ге жуығы — тағылымдамадан өтушілер.

Түлектердің жалпы санының 53%-і гуманитарлық мамандықтар бойынша, 37,8% — инженерлік-техникалық, 7,4% — медицина және 1,8% — шығармашылық мамандықтар бойынша оқуларын тәмамдады. Түлектердің 40%-дан астамы экономиканың нақты секторында, 20% — білім және ғылым саласында, 7%-дан астамы медицина және денсаулық сақтау салаларында жұмыс істейді.

— Қазіргі таңда 1255 стипендиат білім алып жатыр. Экономиканың нақты секторының қажеттіліктерін ескере отырып, 160 мамандықты қамтитын 2018 жылға арналған басымдықты мамандықтардың тізімі жаңартылды, — деді Т. Ешенқұлов.

Осы жылы стипендиялардың шекті саны анықталды — 555 бірлік. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2018 жылдың 9 наурызынан 31 тамызына дейін. 2018 жылғы 24 мамырдағы Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының нәтижесі бойынша 67 үміткер «Болашақ» стипендиясына ие болды. 2018 жылдың 26 маусымындағы жағдай бойынша «Болашақ» стипендиясына конкурсқа қатысу үшін 381 адам өтініш білдірген, оның 222-і тіркелген, 159-ы ұсынылған құжаттардың толық еместігі немесе Үміткерлерді іріктеу ережелеріне сәйкес келмеуі және басқа себептер бойынша қабылданбады.

«Болашақ» стипендиясына 20 жыл болған сәттен бастап бағдарламаны іске асыруға айтарлықтай өзгерістер енгізілді.

Біріншіден, «6+6» (6 ай - елде, 6 – шетелде) форматы бойынша тіл үйренуге даярлау жергіліктендірілді. 

Екінші, IELTS 3.0 до 5.0 и 5.5 бойынша ағылшын тілін білуге қатысты жеңілдікті санаттарға қойылатын талапта арттырылды. «мәдениет және БАҚ қызметкерлері», «жалпы конкурс», «докторантураға өз бетімен түскендер» тәрізді қосымша жеңілдікті санаттар енгізілді (бағдарлама аясында тіл үйренуге даярлауды қарастырады).

Үшінші, дипломның орташа баллына қойылатын талаптар күшейтілді ( GPA 3,0-ден 3,3 дейін).

Стипендиаттарды оқыту үшін ЖОО-лар тізімі оңтайландырылды: топ -70 ЖОО әлемдік жалпыуниверситеттік рейтингтер бойынша, топ-20 ЖОО әлемдік пәндік рейтингтер бойынша. 2018 жылы бұл тізім ұлттық пәндік рейтингтеріне сәйкес АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция тәрізді әлемдік білім индустриясының көшбасшы университеттерімен толықтырылды.

Төртінші, стипендия тағайындау үшін үміткерлерді конкурстық іріктеу процедурасына өзгерістер енгізілді – конкурс алты турдан тұрады. Жасалған келісімшарттар негізінде міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету үшін кепілдіктер ұсыну механизмі енгізілді.

Бесінші, өңірлік тепе-теңсіздікті азайту және өңірлерге кадрлық ротацияны қамтамасыз ету үшін Астана және Алматы қалаларында 5 жылдың орнына өңірлерде 3 жылмен «орталық-өңір» сұлбасы бойынша жұмыс істеу мерзімін қысқартумен еңбек өтілі үшін сараланған тәсіл енгізілді. Сонымен қатар, облыстық, аудандық маңызға ие қалалардағы және облыстың басқа да аудандарындағы білім беру ұйымдарындағы өтілі – 2 жыл. ҚР квазимемлекеттік сектор субъектілерінде «мемлекеттік қызметкер» санатының түлектеріне өтілге рұқсат етілген. Өтілін өтеу кезінде декреттік демалысты ескеру бойынша механизм енгізілді.

Алтыншы, тәжірибеден өту үшін жаңа қызметкерлер санаттары енгізілді: «ғылыми қызметкер», «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметкерлері», «ақпараттық (кибер) қауіпсіздік саласының қызметкерлері».

Жетінші, «магистратураға өз бетімен түскендер» санаты үшін GPA қойылатын талаптар 3.3-ден 3.0 дейін төмендетілді. Тіл үйрету курстарынан өту кезеңінде тілді игеруін бақылау механизмі енгізілді.

Бұдан өзге, білім және ғылым вице-министрі Т. Ешенқұлов бағдарламаның тиімділігін одан әрі арттыру үшін алдағы бес жылдық кезеңге бірқатар маңызды іс-шаралар жоспарланғанын мәлімдеді:

  1. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында өңірлік деңгейде онлайн-тестілеу рәсімдерін енгізу көзделген;

  2. Үміткерлерді сапалы іріктеу мақсатында магистратураға үміткерлер үшін ағылшын тілін білу талабын IELTS 6.0-ға дейін және басқа барлық квота санаттары үшін жоғары балл жинау жоспарлануда. Тек «инженерлік-техникалық қызметкерлер» санатына — IELTS 5.5.

  3. Ағылшын тілі деңгейіне қойылатын талаптардың күрделенуіне байланысты 2025 жылдан бастап стипендия аясындағы барлық квота санаттарын алып тастау жоспарда бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір