• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:28:58
Алматы
+35°

17 Қаңтар, 2018 NEWS

Блогерлер латын әліпбиін насихаттағаны үшін миллиондаған теңге алады

Әлеуметтік желілерде блогерлерді тарту жолымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге 462 миллион 600 мың теңге жұмсау жоспарланған.

Қазақстан электронды үкіметінің сайтында 2025 жылға дейін қазақ тілін латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшіру бойынша іс-шаралар жоспарының жобасы жарияланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, латын қарпіне көшу үш кезең бойынша өтеді:

  • бірінші — 2018-2020 жылдар; 
  • екінші — 2021-2023 жылдар; 
  • үшінші — 2024-2025 жылдар.

Әлеуметтік желілерде блогерлерді тарту жолымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге 462 миллион 600 мың теңге жұмсау жоспарланған. Оған Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі жауапты болады. 

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін видеоблоктар әзірлеуге 168 миллион теңге бөлінбек. Сондай-ақ осы тақырыпта материалдар жариялауға маманданған журналистер пулы жасақталады деп жоспарланған, алайда оған қаржы қарастырылмаған.

Бөлінген қаржы 2018-2025 жылдары игеріледі деп жоспарланып отыр.

Жоспарды ашық талқылау осы жылдың 30 қаңтарына дейін созылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір