• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:01:11
Алматы
+35°

11 Шілде, 2018 Экономика

Біздің тиін Қаскелеңдегі аурухананы көрсе, талып қалар еді

Атакенттің алдында биіктігі 12 метр тиіннің мүсіні орнатылды.

Алматының қақ ортасында, дәлірек айтсақ, "Атакент" орталығының алдында биіктігі 12 метр тиіннің мүсіні орнатылды. Оған 23 миллион теңге жұмсалған. Оның 15 миллионы мемлекет бюджетінен бөлінген. Қазақстан азаматтары бұл қаржыны халық үшін әлдеқайда пайдалы дүниеге жұмсауға болатынын айтып, наразылық білдіріп жатыр. Экономистердің айтуынша, 15 миллион елдің кем-кетігін толтыруға жетіңкіремейді, десе де кейбір мәселелерді шешуге септігін тигізер еді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Экономика ғылымдарының докторы Атамұрат Шәменов: "15 миллион педофилия, ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық секілді қылмыстардың алдын алар еді", — дейді.

-15 миллионды, тиіннің мүсінін орнатудан бөлек, өзге де көптеген маңызды нәрселерге жұмсауға болар еді. Жамайтын жыртығымыз баршылық. Мәселен, халықтың қауіпсіздігі. Қазір елде ұрлық, зорлық, педофилия мәселесі өршіп тұрғандықтан, көшелер мен ғимараттардағы бейнекамералардың санын арттыру керек. Оны элиталы аудандарға емес, қылмыс көп болатын, көпбалалы отбасылар тұратын аудандарға орнату керек, — дейді экономист.

Қазіргі нарық заманында 15 миллион аз да емес, көп те емес. Бұл қаражатқа жаңа аурухана салу мүмкін болмаса да, Алматы шетіндегі, ауыл көшелеріндегі жолды жөндеуге болар еді. Қала көшелері жыл сайын жөндеуден өтсе де, қала шеті назардан тыс қалып жатады. Ауыл көшелерінде жазда шаңға оранып, жаңбырлы күні аяғыңды балшықтан алып жүре алмайсың. Бұл — бір.

Қызылқайрат ауылы

Екіншіден, қазір ауыр дертке шалдыққан, алайда оның еміне қаржы таба алмай шарқ ұрып жүргендер көп. 15 миллион мемлекеттің басты байлығы – адам өмірін сақтап қалуға көмектесер еді.

аурухана

Үшіншіден, 15 миллион жаңа аурухана салуға жетпесе де, аурухананы күрделі жөндеуден өткізуге жетеді. Мәселен, менингит ауруы өршіп тұрғанда жұрттың жағасын ұстатқан Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар емханасын бір жаңартып алуға болар еді.

аурухана

Төртіншіден, 15 миллион теңге көпбалалы, жалғызбасты аналарға Алматыдан көлемі 56 шаршы метр екі бөлмелі пәтер алып беруге жетеді.

пәтер

Assem Almuhanbet

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір