20 Ақпан, 2018 Спорт
Біздің міндет – жеңіске жету – Данияр Елеусінов
Данияр Елеусінов Рио-де Жанейрода өткен Олимпиададан кейін екінші рет жекпе-жекке шықты.
19 ақпанда AIBA академиясында өткен Қазақстан және Өзбекстан құрамалары арасындағы кездесуде Мырзағали Айтжановтың шәкірттері 6:4 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық бокс чемпионы Данияр Елеусінов судья шешімімен өзбекстандық Бобоусмон Батуровтан үстем түсті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Рио-де Жанейрода өткен Олимпиададан кейін екінші рет жекпе-жекке шығып тұрған Елеусінов дайындығының аз болғанын айтты.
–Қарсыласым – мықты боксшы. Халықаралық олимпиадаларда бой көрсетіп жүрген жігіт. Екеуміздің жекпе-жегіміз оңайға соққан жоқ. Өзім жекпе-жекке 100 пайыз дайындалдым деп айта алмаймын. Бұл Олимпиададан кейінгі екінші жұдырықтасуым. Рингке шықпағанымды ескерсек, бүгінгі жекпе-жек қанағаттандырарлықтай болды деп ойлаймын, - деді боксшы.
Сонымен қатар, алдағы жоспарларымен де бөлісті.
–Біз Азия ойындарына дайындалып жатырмыз. Басты міндет – жеңіске жету, - деді Данияр Елеусінов.
Елеусінов қазіргі таңда Қазақстан құрамасының атынан жарыстарға шығуға дайындалып жүр. Ал наурыздың басында қазақстандық боксшылар Польша мен Финляндиядағы турнирге аттанады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір