• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:04:41
Алматы
+35°

25 Наурыз, 2018 NEWS

Бішкекте Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының тұсаукесері өтті

Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» ...

Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттіг ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Іс-шараға Қырғыз Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпустың, министрліктер мен ведомстволардың, Қырғызстан халқы ассамблеясының, қазақ диаспорасының, бұқаралық ақпарат құралдарының, Қырғызстан қоғамдық-саяси және іскер топтарының 150-ден астам өкілдері, сондай-ақ қазақ инвесторлары қатысты.

Тұсаукесерде Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Карим Көкірекбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің бұрынғы кеңесшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, экономика ғылымдарының докторы С.Пірімбетов, Қырғыз-Қазақ университетінің ректоры, профессор, педагогика ғылымдарының докторы А.Қазмағамбетов, «Қырғыз туусу» газетінің жауапты хатшысы, «Әлем жазушылары одағының мүшесі» Н.Байжігітов баяндама жасады.

Назарбаевтың кітабы

Қазақстан Елшісі К.Көкірекбаев өз сөзінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында дамудың «қазақстандық моделінің» негізгі қағидаттары, тетіктері мен қозғаушы күші баяндалғанын, елде тоталитарлық жүйе құлап, нарықтық экономика қалыптасқан жаңғыртудың үш толқыны сипатталғанын атап көрсетті.

«Кітаптың басты ерекшелігі - оқиғалар осы тарихи құбылыстар мен үдерістердің белсенді қатысушысы - біздің Елбасымыздың атынан баяндалады», - деді ол. Елші кітап Президенттің жаңа технологияларды енгізуге екпін берілген кейінгі Жолдауымен, сондай-ақ ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы ұсынған «Президенттік бес әлеуметтік бастамамен» ұштасып жатыр деген пікір білдірді.

Назарбаевтың кітабы

Басқа сөз сөйлеушілер де жаңа Қазақстанның негізгі қалыптасу кезеңдеріне, дамудың қазақстандық моделіне назар аударды. Атап айтқанда, С.Пірімбетов еліміз қол жеткізген жетістіктер жеңілдікпен келмегенін, мұның бәрі ғылыми негіздемелерді, еліміздің ауқымды жаңғыруының қатысушылары - барлық қазақстандықтардың күш жұмылдыруын, саяси құрылысты қайта қалыптастыруды, этносаралық қатынастарды жетілдіруді, тіршіліктің барлық салаларында сапалы реформалардың іске асыруын талап еткенін баса айтты. Мұның бәрі Президенттің кітабында оқырманмен еркін сұхбат түрінде өрбитінін айтты. Әр адамға қарапайым да түсінікті тілмен жазылған «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының бірегей тарихи құжат ретіндегі құндылығына Қырғыз-Қазақ университетінің ректоры А.Қазмағамбетов айрықша екпін берді.

«Қазіргі заманғы кадрларды даярлауға жауапты жоғары оқу орнының ұжымы Қазақстан дамуының қорытындысы жасалған кітаптың жарыққа шығуын үлкен қызығушылықпен қабылдады. Білім алушы жастар үшін аталған еңбектің құндылығы ерекше, себебі онда әлі ешбір оқулықтарға енбеген елдің даму тарихы туралы маңызды ақпараттар жетерлік», - деді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір