• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:36:37
Алматы
+35°

06 Маусым, 2018 Денсаулық

Біртанов Тамара Дүйсенованың менингитке байланысты сынына жауап берді

Ал, бүгін денсаулық сақтау министрі Алматыға арнайы келіп, менингит мәселесіне байланысты мәлімдеме жасады.

Денсаулық сақтау министрді Елжан Біртанов ведомстваның жұмысына айтылып жатқан сынды «қалыпты жағдай» деп есептейді. 

"Кез-келген сынға түсіністікпен қараймыз. Сонымен қатар, біз өз әріптестерімізбен, оның ішінде Тамара Қасымқызымен бір командада жұмыс істейміз. Бір-бірімізге сауал жолдап, оған жауап беріп жатқанымыз қалыпты жағдай", - деді министр Нұр Отан партиясының хатшысы Тамара Дүйсенованың сынына жауап ретінде.

Естеріңізге сала кетсек, Тамара Дүйсенова денсаулық сақтау министрлігінің жұмысын менингиттің өршуіне байланысты сынға алған болатын. Оның айтуынша бұл мәселе министрлік жұмысының деңгейін көрсетіп отыр. 

Ал, бүгін денсаулық сақтау министрі Алматыға арнайы келіп, менингит мәселесіне байланысты мәлімдеме жасады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір