• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 16:17:46
Алматы
+35°

16 Сәуір, 2018 NEWS

«Бірінші студия» плюрализмнің дамуына септігін тигізеді

Берік Уәли жүргізіп отырған Ұлттық арнадағы «Бірінші студия» бағдарламасының эфирге шыққанына бір жыл толды.

Бүгін қоғам белсендісі, медиатұлға, белгілі журналист Берік Уәли жүргізіп отырған Ұлттық арнадағы «Бірінші студия» бағдарламасының эфирге шыққанына бір жыл толды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Осы уақыт ішінде көрермендер Берік Уәлидің тележобасын 42 рет тамашалапты.

Аптасына бір рет шығатын бағдарламаға әр саланың мамандары қатысты. Оның қатарында лауазымды мемлекет қызметкерлері, танымал кәсіпкерлер, ұлт ғылымына қызмет етіп жүрген ғалымдар мен сарапшылар бар. Тележобада билік өкілдерімен қатар еліміздегі танымал оппозиция белсенділері де бой көрсетті. Студия қонақтары бүгінгі қоғамдағы көптен қордаланған өзекті мәселелерді байыппен, білгірлікпен жан-жақты талқылап, пікір білдіріп жатты. Ал бұл өз кезегінде пайдалы болғаны сөзсіз.

Сонымен бірге Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  мақаласындағы бірқатар саяси-әлеуметтік маңызы бар бөлімдері, оның ішінде латын қарпіне көшу, киелі өлкелер тізімі, ұлттық сана тақырыбы аясындағы мәселелер айтылды. Оппозиция өкілдері мен мемлекет қызметкерлері ой жарыстырып, көрермен көзқарасына қозғау салды.

Биліктің бақылауындағы телеарнада мұндай өзекті тақырыптардың кеңінен талқылануы мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдауда біржақтылықтан сақтады.

«Бірінші студия» қонақтарының әркелкі құрамы, ондағы спикерлердің әр тараптан келгені, әртүрлі көзқарастағы азаматтар болуы көрермен қызығушылығын арттыра түсті. Бұл өз кезегінде қазақ саяси-ақпараттық кеңістігін шетелдік ықпалдан тазалауға мүмкіндік береді. Қоғамдағы көкейкесті мәселелерді талқылауға оппозиция өкілдерін тарту плюрализмнің дамуына септігін тигізетіні анық.

Абылай Сәрсенбаев

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір