• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 14:22:13
Алматы
+35°

04 Шілде, 2018 Денсаулық

Бір жылда медициналық сақтандыру қорына 81 млрд теңге түскен (кесте)

Жарна төлеу жағынан Алматы және Астана қалалары мен Қарағанды облысы алда.

Маусым айында 8,7 млрд теңгеден астам сақтандыру жарнасы аударылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі МСҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүйе іске қосылғалы бір жыл ішінде жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлеген аударым сомасы 80,6 млрд теңгеден асып жығылған.

Оның 72,1 млрд теңгесі (89,5% жуығы) жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлері үшін жасаған аударымдары болса, қалған 8,5 млрд теңге  (10,5% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы және Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. Түскен қаражат МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Қолданыстағы заң бойынша, әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде қызмет көрсету 2020 жылдан басталуы тиіс.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір