• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:44:36
Алматы
+35°

20 Қазан, 2017 Әлеумет

Бір сөз бүтіндей отбасын ойран етті

Баланың көзінше байқаусыз ештеңе айтпаңыздар...

Мен саған жылама дедім ғой, болды жылама, әйтпесе қазір құлағыңды кесіп алам", - деді Мадина, іңгәлап жатқан ұлын бесікке бөлеп жатып. Қасына келген 4 жасар қызы Жадыра:
- Апа, неге құлағын кесіп аласыз? Енді жыласа құлағын кесіп аласыз ба?
- Ия, жаман, жылауық қыз болсаң сенің де құлағыңды кесіп аламын. Енді көп сөйлемей ініңді тербет, әкең құдық қазып жатыр еді барып көріп келейін.
Сыртқа шыққан Мадина күйеуінің құдықты тереңдетіп қазып қойғанын көреді де, дауыстап:
- Ербол, шыға аласың ба, арқан тастайын ба?
- Арқан таста, Мадина, мен беліме мықтап байлаймын, сен шамаң келгенше тарт, менде өзімше тырысып көрермін.
Арқанды мықтап беліне байлаған Ербол "тарт"деп дауыстады, Мадинада шамасы келгенінше тарта берді, тек...
Тек үйден шаррр еткен баласының дауысына алаңдаған ана жүрек үй жағына жаутаңдай берді, арқанды босатуға да болмайды. Осы кезде үйден шыққан қызы Жадыра апасының қасына келіп:
- Апа, қарашы, Нұржан жылаған соң екі құлағын кесіп алдым, ол енді жыламайды, - деген сөзден ары қарай ештеңе естімеген сорлы ана, арқанды босатып жіберіп, үйіне тура жүгірді.
Құдық түбіне бар салмағымен құлаған күйеуі Ербол, сол жерде тіл тартпай кеткен еді...
Арада қаншама жылдар өтті. Мадина жындыханада есін жимаған күйі күйеуінің соңынан кете барды. Ал, Жадыра тұрмысқа шыққан, інісі Нұржан біраз уақыт қолында тұрды. Тек әпкесінің өзінен намыстанатынын құлағы естімесе де сезетін еді. Ақыры ешкiмге масыл болғысы келмеген ол, бұл дүниеге қолын бір сілтеді де, әке-шешесінің қасына мәңгілікке кетті.
Жадыра інісінің өліміне кайғыра қоймады. Тірісінде сыйласпағандар, өлгенде де жыласып жарытпайды екен...
Жадыра: "Өйткені сені інім деп айтуға қатты намыстанатынмын, бірақ сенің құлақтарыңды кім кескенін мен де әлі білмеймін, нағашыларымнан сұрасам, ешкім үндемейді..."

Мұхамеджан Тазабектің Facebook парақшасынан алынды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір